НЗМ: Ақтаулық оқушылар «Мың бала» республикалық ағартушылық жобасында жеңімпаз атанды

Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Даниил Мухалев пен Артем Бедарев Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасы аясында өңірлерде ұйымдастырылған қазақ тілін меңгеру байқауында жеңімпаз атанды, – деп хабарлайды Ақтау қаласындағы НЗМ баспасөз қызметі.

Байқауда үздік нәтиже көрсеткен оқушылар Нұр-Сұлтан қаласында өткен марапаттау шарасына қатысты. Қазақ тілін зияткерлік мектеп қабырғасында белсенді меңгере бастаған Артем Бедарев «Өнер алды қызыл тіл» номинациясы бойынша І орын алды. Ол Абай Құнанбаевтың «Көзімнің қарасы» әнін орындап, қазылар алқасын таңғалдырған болатын. Ал 10-сынып оқушысы Даниил Мухалев «Өнерлі өрге жүзер» номинациясында І орынмен марапатталды. Бірнеше кезең бойынша өткен жарыс барысында ол қазақ тілін жоғары деңгейде меңгергендігін көрсете білді.

– «Мың бала» республикалық мәдени-ағарту жобасының мақсаты – әр түрлі этнос жастарына мемлекеттік тілді үйрету арқылы олардың бойына қоғамның рухани негізі болып табылатын ұлттық құндылықтарды сіңіруді, қазақстандық бірегейліктің азаматтық қағидаттарын қалыптастыруды көздеу. Зияткерлік мектеп оқушыларының қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін көру адами құндылықтың жоғары екендігінің көрінісі, – дейді оқушылар байқауында қазылық еткен «Қазақша үйрен» тіл орталығының жетекшісі Айгүл Дәден.

Даниил мен Артемнің қазақ тілі пәнінен сабақ беретін мұғалімдері Индира Абдрахманова мен Нұргүл Айтмұхан балалардың тіл меңгеруге деген қызығушылығының жоғары екендігін атап өтті.

– Мұндай байқаулар этнос өкілдерінің қазақ тілін меңгеруге деген қызығушылығын арттырады деген үміттемін. Байқау ұйымдастырушыларына, қазақ тілінен сабақ берген ұстаздарыма, қолдау білдірген баршаға алғысым шексіз, – дейді Даниил Мухалев.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий