Дулати университетінің оқытушылары Финляндияда біліктілік арттыруда

М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті «Ұстаз» институтының директоры Орынқыз Джолдасова, «Педагогика» кафедрасының меңгерушісі Клара Бұзаубақова Финляндияның ХАМК университетінде біліктілік арттыруда.

Іс-сапар ҚР Білім және ғылым министрлігінің тапсырысымен «Педагогикалық білімді күшейту» атты халықаралық бағдарламасы аясында ұйымдастырылды. Жобаның басты мақсаты – озық шетелдік тәжірибені қолдану арқылы жаңа ұлттық педагогикалық білім беру бағдарламаларын әзірлеу. Жаңа білім бағдарламасы педагогикалық зерттеуге, педагогикалық практиканы жетілдіруге, инклюзивті білім беруді қолдауға, университеттің мектеппен тиімді байланысын орнатуға бейімделетін болады.

Дулати университетінің медиа-қызметі

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий