Республикалық ғылыми жобалар байқауының облыстық кезеңінде екі жүзден астам ақмолалық оқушы өз әзірлемелерін ұсынды

8-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының облыстық кезеңі онлайн режимінде өтті. Іс-шараны Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы ұйымдастырды, – деп хабарлайды осы облыстағы білім басқармасының баспасөз қызметі.

Ғылыми конкурс 4 кезең бойынша өткізіледі: 1) Бірінші кезең – аудандық; 2) Екінші кезең – іріктеу (ғылыми жобаны алдын-ала сараптамадан өткізу); 3) Үшінші кезең – облыстық. Облыстық кезең екі турда өткізілді. Бірінші тур – жобаны қорғау, екінші тур – бейіндеу пәндері бойынша тестілеу. 4) Төртінші кезең – республикалық. Ұйымдастырушылардың айтуынша, іс-шара оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандыруға, талантты және дарынды жас зерттеушілерді іріктеу мен қолдауға бағытталған.

Аталмыш байқауға 338 ғылыми жоба беріліп, оның 192 сараптамадан өтті. Бұл байқауға Ақмола облысының барлық 14 ауданынан, Көкшетау, Степногорск қалаларынан және 3 облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаттан 216 оқушы қатысты. Ғылыми жобаларды қорғау төрт бағыт бойынша жүзеге асырылды: – «Ғылыми-техникалық прогресс-экономикалық өсудің негізгі буыны ретінде»; – «Экономикалық және әлеуметтік үдерістерді математикалық модельдеу»; – «Салауатты табиғи орта – «Қазақстан-2050» стратегиясын іске асырудың негізі; – «Қазақстанның тарихи ескерткіштері және перспективалы туристік бағыттар.

Конкурс қорытындысы бойынша: – І дәрежелі дипломдармен-17 қатысушы марапатталды, – ІІ дәрежелі дипломдармен-37 қатысушы марапатталды, – ІІІ дәрежелі дипломдармен – 48 қатысушы марапатталды. – 22 қатысушы грамоталармен марапатталды. Құттықтаймыз! Онлайн-конкурс туралы толық ақпаратты білім басқармасының сайтынан көре аласыздар.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий