Еліміздегі ғимараттардың энергиялық тиімділігін арттырудың ғылыми маңызы

Құрылыс – халық шаруашылығының жетекші салаларының бірі, онсыз ғылыми-техникалық прогресті, жаңа технологияларды дамытуды, өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында, қөлікке, әлеуметтік салаға арнап негізгі қорларды құруды елестетудің өзі қиын. Ол үшін біріншіден құрылысқа отқа төзімді материалдарды қолдану. Екіншіден, құрылыстардың энергиялық тиімділігін арттыру керек. Мәселен, Қазақстанда өрттi азайтуға болады. Бұл үшін жаңа инновациялық құрылыс материалдары қолданылуы тиіс.

Бүгінде әлемде қызыл жалын жоя алмайтын заманауи материалдар ойлап табылған екен. Қазақстанда енгізіліп жатқан жаңа инновациялық өнім – «отқа төзімді жұқа тақтайша» еліміздегі отқа төзімділік бойынша ең жоғарғы шекке ие. Бұған қоса, шыныталшықтан жасалған «жылу оқшаулаушы жұқа тақтайшаның» да отқа жанбайтындығы анықталып отыр. Бұл материалдардың барлығы озық өнімдер болып саналады. Олардың елімізде енгізілуі Қазақстанның дамығандығын көрсетеді. Қазақстанда ғимараттардың энергиялық тиімділігін арттыру керек, бұл жағдайда бүгінде республикада тұтылатын барлық қуаттың 44%-ын үнемдеуге болады, қуат тиімділігінің әлеуеті осынша зор!

Әзірге Қазақстан энергиялық тиімділік бойынша әлемдегі көшбасшы емес. Мысалы, 2000 жылдан бері жалпы ішкі өніміміз өндірісіндегі қуат шығындау көлемінің төмендеуі жылына небары 1,5 % болып отыр. Дұрысы, 5 пайыздан жоғары болуы қажет. Өйткені осы динамикадағы технологияның үлесі тым аз және жылына 0,5 пайызға ғана жетеқабыл. Яғни жаңа технологиялар еліміздегі әр салаға дендей енсе, олардың көмегімен Қазақстан экономикасының қуат тиімділігін айтарлықтай арттыруға болар еді.

Заман талабына сай қазіргі таңда еліміздің құрылысы күнен-күнге дамып гүлдене түсуде. Және құрылыста пайдаланатын материалдарға деген сұраныста жыл санап артуда. Сол себепті заман көшінен қалмай еліміздің сәулетін асыратын, даңқын көтеретін, бүкіл әлем назарын өзіне аударатын сымбатына сапасы сай құрылыстар салу біздің алдымызда тұрған үлкен міндеттердің бірі болмақ. Құрылыс нарығындағы бәсекелестік күресте құрылысқа жаңадан шыққан өнімділігі жоғары және жоғары сапалы құрылыс материалдарын, ілгері құрылыс технологияларын, келешегі зор ғылыми әдістемелерді пайдалана отырып, еліміздің ертеңі үшін сапалы да сәулетті ғимараттарды тұрғызу.

Жаңадан шыққан бәсекеге қабілетті құрылыс материалдарын таныстыра ортырып, құрылыс саласы арқылы да еліміз экономикасындағы шығындарды азайтып, өз үлесімізді қоса алатындығымызды дәлелдеу. Заманауи құрылыс материалдарын толығымен зерттей отырып, ел экономикасы үшін ең тиімді материалдарды қолдану. Еліміз нарықтық қатынастарға көшкеннен бері құрылыс өнімдерінің сапасына, оған арнап материалдың аз мөлшерде жұмсалуына, энергия үнемдеу жағдайларын қамтамасыз етуге, құрылыс өнімдерінің сенімділігі мен ұзақ уақытқа жарамдылығына қатысты қойылатын талаптар едәуір артты. Бұл талаптарды орындау үшін жаңа құрылыс технологияларын, құрылыс машиналарын, жаңа иновациялық құрылыс өнімдерін дамытуымыз керек.

Гүлбану Іздібайқызы ЕСБОЛАЙ,
Yessenov University аға оқытушысы, магистр,
Маңғыстау облысының Ақтау қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий