Ізгіліктің мекені

Қазақстан Республикасында Сара Алпысқызы Назарбаеваның «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының жобасын әзірлеу туралы бастамасы жүзеге асырылды да, «Бөбек» ұлттық орталығында «Өзін-өзі тану» гимназиясы осы бағдарламаны сараптамадан өткізу негізінде өз жұмысын жүргізді.

 

О баста «Бөбек» балалар қайырымдылық қоры болып құрылған бұл орталықтың осы кезеңдер аралығында атқарған іс-шаралары да ауқымды болды. Бертін келе өзін-өзі тану пәні оқулығы мен кешенді әдістемелік құралдары Қазақстан Республикасының аумағындағы білім ошақтарына жаппай енгізілді: балабақша – мектеп – колледж – ЖОО. Өз сөзінде Сара Алпысқызы:

– Мен бала жас кезінен әрқашан дені сау әрі бақытты болып, өмір даналығы мен адамзатқа қызмет ете білу бақытын игере отырып, өскенін қалаймын. Өзінің кім екендігін, не үшін өмір сүріп, не үшін талаптанатынын пайымдай білсін. Әркім өзін ашып көрсете білуі тиіс, – дейді.

Осы ұстаныммен ашылған «Бөбек» ұлттық орталығы бүгінгі таңда жанданып, нұрын шашқан сәулелі күндей жас ұрпаққа жылуын сыйлап келеді. Қазіргі мектептердің міндеттерінің бірі – кез келген жасөспірімге білімді меңгерту ғана емес, оның жеке тұлға ретінде қалыптасуы үшін рухани-адамгершілік қасиеттерін танып, өскелең ұрпақтың өзін-өзі дамытуына жол көрсету.

«Бөбек» ҰҒПББСО, «Өзін-өзі тану» гимназиясында мектеп пәндерінің «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасымен интеграцияланып оқытылып келе жатқанына 20 жылдан асып та кетті. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы арқылы жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбиені ұштастыра беріп отырған ұстаздарымыз да баршылық. Олар пәнді ғана емес, сол пәннің өтілу ерекшелігіне сай өз пәндерінің әсерлі де қызықты өтуіне аса көңіл бөледі.

Осындай ұстаздардың қатары аз емес, атап айтар болсақ: Р.Абдраимова, Ә.Манапбаева, Н.Калыбаева, И.Каирова, Ә.Намазбаева, Ж.Ауезайтова, А.Джунусова, Р.Адай, П.Изтаева, Т.Барсукова, И.Драгунова, Н.Демина, Ж.Сыдыкова, Ш.Курпебаева, Н.Рожкова, Г.Кенжебаева, К.Жалпиков, М.Бакашева, Л.Кондратенко және т.б. Жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде рухани тәрбие мен білім беріп келе жатқан мұндай ұстаздардың тізімін одан әрі жалғастыра беруге болады. Бала бақыты мен болашағының жарқын болуы үшін жанын салып, аянбай тер төгіп келе жатқан ұстаздар қауымына айтар алғысымыз шексіз.

Ляззат ДЖАЛМУХАМБЕТОВА,
«Бөбек» ҰҒПББСО, «Өзін-өзі тану» гимназиясының директорының бейінді білім беру (ғылыми-әдістемелік жұмыстар) жөніндегі орынбасары

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий