Ақтаулық оқушы каратэ – додан әлем чемпионатының жүлдегері атанды

Ақтаудағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушысы Сұлтан Саумбаев Краковте (Польша) жасөспірімдер арасында өткен каратэ-до кекушинкай чемпионатынан күміс медальмен оралды. Ол 65 келі салмақта төрт кездесу өткізді. Екі күндік жарыс әлемнің 32 елінің спортшыларының басын қосты, – деп хабарлайды осы білім ордасының баспасөз қызметі.

Қазақстан құрамасының мүшесі ретінде ел абыройын арқалап барған Сұлтан каратэмен 5 жасынан бері айналысып келеді. Зияткер осы уақытқа дейін түрлі республикалық жарыстарда жеңіс тұғырынан көрініп келген еді.

– Каратэ мені шыдамдылыққа, сабырлылыққа баулыды. Сондықтан сабағыммен қатар алып жүремін. Әлем чемпионатында бақ сынауыма күш салып, жаттықтырып үйреткен бапкерім Жәнібек Джулдасовқа алғыс білдіремін, – дейді зияткер. Зияткерлік мектептегі оқу процесі мен спортты қатар алып жүрген зияткерімізді жүлделі орынымен құттықтап, әлі де асуларды бағындыруды тілейміз!

Айта кетейік, қарашаның 19-20-ы күні Краков қаласында каратэ-до кекушинкайдан жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты өтті. Жарысқа 32 елден 684 спортшы қатысып, бағын сынады. Қазақстан құрамасынан 27, соның ішінде Маңғыстау облысынан 8 спортшы бақ сынады. Нәтижесінде Қазақстан құрамасы 8 медаль жеңіп алды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий