“Білімді ел” газетінің бас редакторы Ләззат Түркістанова: “Білімді елдің” бренді білім беру саласындағы барша адамға таныс

«Даналық бейсенбі» жобасының шеңберінде Нұр-Сұлтандағы Халықаралық мектептің оқушылары «Білімді ел» газетінің бас редакторы Ләззат Түркістановамен кездесу өтті. Ляззат Мақсұтқызы оқушыларға журналистің жұмысы, қызықты жаңалықтарды қалай құру және дәстүрлі басылымды электронды басылыммен қатар қалай жүргізу төңірегінде сөз қозғады, – деп хабарлайды осы білім ордасының баспасөз қызметі.

˗ «Білімді елдің» бренді білім беру саласындағы барша адамға таныс. Қазақстанның әрбір мектебіне газеттің баспа нұсқасы жеткізіледі. Ақпарат сол секундта-ақ салынып отыратын сайтымыз бар. Әлеуметтік желілердегі аккаунттар да ұмыт қалған жоқ: Instagram, Facebook, Одноклассники. Өзім редактор ретінде де Facebook-те өз парақшамды жүргіземін. Яғни, жұмыс жан-жақты жүргізілуі керек.

Журналист, сондай-ақ, «Білімді елдің» артықшылығын – оның қостілдігін және білім беру саласында бәсекелестіктің жоқтығын атап өтті. Журналистика туралы қызықты кездесуге 6-8-сынып оқушылары қатысты. ˗ Журналистика мамандығы туралы көбірек біліп, бізді қызықтыратын сұрақтар қойып, журналист болу не екендігін және мақала құру принципімен таныстық, ˗ деп бөлісті Малика Закирова.

Кездесу 8D сынып оқушыларының бастамасымен ұйымдастырылғанын айту қажет. Педагог-куратор Медет Алимгазиннің командасы үшін бұл – жоба аясындағы алғашқы шара. ˗ Іс-шара атмосферасы жоғары деңгейде өтті: қонағымыздың өз мансабын қалай құрғанын, кәсіби шаршау кезіндегі тәжірибені, бәсекелестік жөнінде білдік. Бәрі жақсы, тіпті керемет өтті, – деді кездесу ұйымдастырушыларының бірі Алина Истаева. 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий