Білімді болу – биік белестер мен мерейлі мақсаттардың биік шыңы

Білім – адам баласының қол жеткізген сан ғасырлық ұлы игіліктерінің бірі. Білімді болу – алдымызда тұрған үлкен белестеріміз бен мақсаттарымыздың биік шыңы. Біліммен сусындалу арқылы адамзат рухани тұрғыда көптеген жетістіктерге қол жеткізеді. “Бәсекеге қабілетті болу үшін,біз жоғары, білімді ұлт болуымыз қажет”, – ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев айрықша атап айтқандай білімге ие болу жас ұрпақтың қолында тұрған қазіргі таңның өзекті мәселелерінің бірі.

Ал білімге ие болу үшін біз ақпаратты ең алдымен кітаптан аламыз. “Кітап – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған өсиеті”-Ғабит Мүсірепов. Даналықтың иесі – кітап, дұрыс жолға жетелейтін жол-кітап, рухани жан азығын жеткізетін алапат күш – кітап. Дегенмен қазіргі таңда балалар мен жасөспірімдер арасында кітап оқу қаншалықты маңызды? Не дегенмен заман ілегіне теледидар, сонымен қатар ғаламтор иелік ете бастады. Бұлар адамзат өміріне кітаптан кейін келген дүние емес пе?

Алайда бұл екеуі де, кітаптың адамзатқа сыйлаған байлығын бере алмайды. Оқырман санын кеміткенімен орындарын алмастыра алмайды. Мысалы адам тұрақты теледидар қараушысы не болмаса ғаламтордың белсенді қолданушысы болса да, оның жан дүниесінде рухани кемшілік болады.”Білім — кітапта. Қазіргі таңда балалардың көбісі компьютерде отырады. Сондықтан, болашақта кітап оқығандар компьютерде отырғандарды басқарады”, – деп Нұрсұлтан Әбішұлы ерекше екпін бере айтқаны есімізде.

Иәә, бұл сөздің жаны бар. Себебі басты рухани байлық – кітапта. Кітап ғаламтордан уақыт тұрғысынан алғанда ұтылуы мүмкін, бірақ адамға дайын ақпараттарды ұсынушы емес, терең сезімге, өзіндік ойлауға үйрете отырып, білім береді. Адамды ізденімпаздыққа жетелейді, ой-өрісін ұштайды. “Кітап – заманалар толқынында тербетіліп, үстіндегі қымбат қазынасын ұрпақтан – ұрпаққа жеткізіп келе жатқан ой кемесі”. “Кітап дегеніміз – қоғам. Жақсы кітап жақсы қоғам тәрізді сезім мен санаңды нұрландырады, көркейтеді. Сен қай кітаптарды оқығаныңды айтшы, мен сенің кім екеніңді айтып берейін”, – дейді Н. И. Пирогов.

“Кітап оқудың маған тигізген пайдасын сіздерге айтып жеткізе алмас едім”, дегені ұмытылған жоқ ұлт ақын ағартушы Мағжан Жұмабаевтың. Ұлы ойшылдардың осы айтқандарынан-ақ кітаптың ұлы құдырет екенін аңғарамыз. Достар, “Артық білім кітапта, Ерінбе оқып көруге”, – деп ұлы ақынымыз Абай жырлағандай ерінбей білім алуға асығайық. Бар білімнің патшасын тек кітаптан ғана таба алатынымызды ұмытпайық.

Дильназ МУХАММЕДОВА,
Азат орта мектебінің 11 сынып оқушысы,
Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий