Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға

Біздің білім ордасында білім беру жүйесінің басты тұлғасы ретінде мұғалімнің мәртебесін арттырып, заманауи мектепті жаңарту мақсатында үздіксіз  мұғалімдерді шыңдауға ерекше көңіл бөледі. Мектеп – гимназия заманауи мектеп мұғалімді кәсіби жетілдіруде әдістемелік жұмыстың жаңа тәсілдеріне назар аудара отырып, оның маңызын түсіну үшін міндеттерін, мазмұнын, әдісін, дәстүрлі тәсілдерін жаңғырту қажеттілігі бойынша жұмыс жасайды.

Осы ретте, мектепішілік «Шыңдалу мектебі»  ҒӘК  бастамасымен бастауыш сынып мұғалімдерінің «Абыройлы ұстаз»: «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» байқауы ұйымдастырылды. Басты мақсат – өз тәжірибесіне инновациялық бағдарламалар мен технологияларды енгізетін мұғалімдерді анықтау, зерделеу, жетістігіне қарай қолдау көрсету, шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдер тәжірибесін тарату, мұғалім беделіне деген ізгі пікірді қалыптастыруға бағытталған болатын.

«Педагогтің портфолиосын зерделеу» және  «Бастауыш сынып сабақтарындағы білім беру инновациялары» – мұғалімнің кәсіби шығармашылығының тұжырымдамалық негіздерінің, әдістемелік және технологиялық құрылымының таныстырылымы кезеңдері бойынша қатысқан мұғалімдер өз біліктіліктері және көшбасшылық кәсіби шеберліктерін дәлелдей білді. Сынаққа табанды  дайындықпен келген үміткерлер жұмысы сараланып, жеңімпаздар анықталды.

Сайыстың мектепішілік жеңімпаздары: І дәрежелі диплом иегері: Кенесова Жанна Жаксылыковна; ІІ дәрежелі диплом иегері:  Қуанған Назгүл; ІІІ дәрежелі диплом иегерлері:  Түйлебаева Алмагуль Умановна мен Сейлханова Мейрамкул Маханбиевна. Байқаудың әрбір кезеңінде  көпшіліктің ықыласына бөленіп, тыңғылықты дайындығы мен сөйлеу әдебі, ұстаздық келбеті, педагогикалық ұстанымдарымен мектепішілікм байқау комиссиясының және көпшіліктің қолдауымен шығармашылықпен нәтижелі жұмыс жасаған жеңімпаздар марапатталып, І дәрежелі диплом иегері аудандық кезеңге қатысуға мүмкіндік алды. 

Мектеп – гимназия  мерейін үстем етіп, аудандық конкурстанда  озық шығады деген үмітпен бастауыш сынып мұғалімі Кенесова Жанна Жаксылыковнаға үлкен сенім артамыз! Үстаздық қызметіндегі кәсіби шеберлігін шыңдаудағы еңбегіне шығармашылық шабыт тілейміз!

Индира Садыковна ЕСЕНБАЕВА,
№ 152 мектеп – гимназияның тәлімгер
ұстазы, бастауыш сынып мұғалімі,
Аяулым ҚҰРМАН,
жас маман, бастауыш сынып мұғалімі,
Алматы қаласының Алатау ауданы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий