Оралдық оқушы әлемдік чемпионатта үздік нәтиже көрсетіп, ел қоржынына алтын медаль әкелді

Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында тағы бір шәкіртіміз – Орал қаласындағы №19 ЖОББ мектептің 6 сынып оқушысы Ислам Қабдоллов әлемдік чемпионатта үздік нәтиже көрсетіп, ел қоржынына алтын медаль әкелді, – деп хабарлайды Батыс Қазақстан облысының орталығындағы білім бөлімінің баспасө қызметі.

Ислам Қабдоллов дәл қазіргі уақытта Әзірбайжан астанасы Бакуде өтіп жатырған батуттық гимнастикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында 11-12 жас ерекшелігінде Қазақстан құрамасы атынан акробатикалық жолда секіруден жарысқа шығып, нәтижесінде жоғары 31.100 балды қанжығалады. Осылайша, әлем чемпионы атанып отыр.

Ислам Есенгелдіұлы 2009 жылы 16 желтоқсанда Орал қаласында дүниеге келген. Орал қаласындағы №19 мектептің 6-сыныбында оқиды. Оқу үлгерімі жақсы, қоғамдық шараларға белсене қатысады. Ол бес жасынан №2Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде гимнастикамен шұғылданып келеді.

Әкесі Есенгелді Айсағалиев өңірге белгілі самбодан спорт шебері, анасы Айжан Мұсабекова да гимнастикадан спорт шебері, облысымызға танымал гимнастика бапкері. Осындай спортшылар отбасында дүниеге келген Ислам да дәстүрді жалғастырып чемпион атанды. Жаттықтырушысы – Альберт Тілепқалиев.

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АТАНҒАН ШӘКІРТІМІЗДІ ШЫН ЖҮРЕКТЕН ҚҰТТЫҚТАП, СПОРТ ЖОЛЫНДА ЕЛ ТУЫН БИІККЕ ЖЕЛБІРЕТЕ БЕРУІН ТІЛЕЙМІЗ.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий