Ақмола облыстық білім басқармасының басшылығы азаматтық қоғамның жергілікті өкілдерімен кездесті

Х Азаматтық форум аясында Ақмола облысы білім басқармасының басшысы Бейбіт Жүсіпов азаматтық қоғам өкілдерімен кездесу өткізді. Жиын барысында бірқатар өзекті мәселелер талқыланды. Ақмола облысының білім басқармасы үкіметтік емес ұйымдармен тұрақты негізде өзара іс-қимыл жасайды, – деп хабарлайды осы салалық құрылымның баспасөз қызметі.



Бұл ынтымақтастық маңызды жобаларды жүзеге асыруға, дұрыс шешім қабылдауға, әсіресе балалардың құқықтарын қорғау мәселелерін іске асыруға ықпал етеді. Ақмола облысында шамамен 250 ҮЕҰ бар, олардың басым бөлігі балалардың құқықтарын қорғау мәселелерімен байланысты. Атап өтсек, «Ана үйі» Қоғамдық қоры, “Шанс” кәмелетке толмағандарды әлеуметтік-психологиялық, құқықтық қолдау орталығы, “Я сам шагаю” қоғамдық қоры, “Республикалық балалар – жасөспірімдер туризмі қауымдастығы” заңды тұлғалар бірлестігі және тағы да басқалар.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, кездесудің мақсаты үкіметтік емес ұйымдармен ведомствоаралық деңгейде өзара іс-қимылды нығайту, үкіметтік емес ұйымдарды қолдаудың мемлекеттік тетіктері шеңберінде әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру сапасын арттыру, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру процесінде туындайтын өзекті проблемаларды шешу болып табылады. Бұл кездесу одан әрі ынтымақтастығымызды артыра түсетініне сеніміміз зор.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий