Түркістан: облыстық ата – аналар форумы ұйымдастырылды

Бүгін «Ел ертеңі – жас ұрпақ» бағдарламасы аясында Түркістан облыстық ата-аналар форумы өтті. Мұндағы мақсат – «Ел ертеңі – жас ұрпақ» бағдарламасын қорытындылап, қол жеткізген нәтижелермен бөлісу, өзекті мәселелерге қоғам назарын аудару, – деп хабарлайды Түркістан облыстық адами әулетті дамыту басқармасының баспасөз қызметі.


Қазіргі таңда еліміздегі жасөспірімдер арасында зорлық-зомбылық мәселесі өзекті тақырыпқа айналған. Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының осыдан үш жыл бұрын берген деректері бойынша Қазақстанда әрбір бесінші оқушы психолгиялық және физикалық зорлық- зомбылыққа ұшырайды екен.

Аталған бағдарламада мектептердің педагогикалық ұжымдардың, оқушылардың және де ата-аналар комитеттерінің әлеуетін арттыру арқылы отбасындағы және мектептердегі зорлық-зомбылықтың алдын-алу және оны болдырмауға бағытталған. Форумға 300-ге жуық ата-аналар қатысты. Ал онлайн жүйесінде 2000-ға жуық ата-ана байланыста болды.

Форумға облыс әкімдігі, адами әлеуетті дамыту басқармасының қызметкерлері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және білім қызметкерлері мен ата-аналар қауымдастықтары қатысты.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий