Президент күніне арналған дәстүрлі флешмоб

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Ұлы дала мұрагерлері» атты дәстүрлі желілік домбырашылар флешмобы өтті. Биылғы флешмобқа білім ошағымыздың 70 –ке жуық шәкірті қатысты, – деп хабарлайды осы білім ордасының баспасөз қызметі.

Онлайн форматта ұйымдастырылған шарада жас күйшілер Абайдың «Тор жорға», Құрманғазының «Балбырауын», А.Райынбергеновтің «Секіртпе», Ж.Еңсеповтің «Әке толғауы» күйлерін орындады. – Желілік домбырашылар флешмобы оқушыларымыздың жаңа бір қырынан танылуына септігін тигізетін шара. Жылда «100 күй» жобасының аясында қаламыздың тұрғындары көп жүретін қоғамдық орында (ірі сауда орындары) ұйымдастыратынбыз. Қатысушылар саны да едәуір көп болатын. Алайда қазіргі эпидемиологиялық ахуалды ескере отырып, биыл қашықтан әрі қатысушылар саны азайта отырып өткізуді жөн санадық. Дегенмен, шәкірттеріміздің өнерін мектебіміздің ресми Ютуб каналынан тамашалауға мүмкіндік бар, – дейді директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Лариса Абылқасымова.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий