Мыңнан аса зияткер домбырашылардың флешмобы

Қазақстанның барлық қалаларында ҚР Тұңғыш Президенті мерекесіне орай Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары «Ұлы дала мұрагерлері» атты домбырашылар флешмобын ұйымдастырды. Еліміздің түкпір-түкпірінде бір мезетте мыңнан аса домбырашы қазақ күйлерін орындаған болатын, – деп хабарлайды осы білім ордасының баспасөз қызметі.

Мысалы, елордадағы Халықаралық мектептің оқушылары Құрманғазының «Адай», «Балбырауын» және халық күйлері «Тепең көк» пен «Келіншекті» ойнады. –  «Ұлы Дала мұрагерлері» флешмобы жыл сайын барша зияткер оқушы мен ұстаз домбырашылардың басын қосып келе жатыр. Жылда қаланың ірі ойын-сауық орталықтарында өтетін шара биыл пандемияға байланысты мектеп қабырғасында өтті. Шара оқушылардың ұлттық дәстүрі мен музыкасына, оның ішінде көнеден келе жатқан серігіміз – домбыраға деген айрықша ілтипаты. Көппен бірге, ансамбльде күй ойнау – бірлік пен ынтымақтастыққа тәрбиелейтінін де айту керек, – деп бөлісті мектептегі домбыра үйірмесінің жетекшісі Қазбек Атамбаев. Қазақтың қара домбырасы мен күйлерін насихаттауды мақсат еткен шара осымен жетінші жыл қатарынан өткізіліп келеді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий