Мектепке дейінгі ұйым педагогтарына көмектің маңызы

Біздің балабақшада көптен күткен Іле аудандық мектепке дейінгі ұйым ассоциациясы ұжымының ұйымдастыруымен офлайн форматта жылдық жоспар негізінде округтарды аралап, мектепке дейінгі ұйым құжаттарын ретке келтіру, нормативтік құжаттарды қалай жинақтауға болады? – деген сияқты сұрақтарға жауап беру үшін  аудандық семинар өткізілді.

Семинар тақырыбы: «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңартылған мазмұнын  іске  асырудың  негізгі  бағыттары». Мақсаты: Мектепке дейінгі ұйым педагогтарына жаңартылған оқу  мазмұнын негізге ала отырып, ұйымның жылдық жоспарын, ҰОҚ – нің перспективалық жоспарын, апталық жоспар циклограмманың  талапқа сай құрылуын түсіндіру.

Алғы сөзді Іле аудандық білім беруді дамыту оқу – әдістемелік орталығының әдіскері Бакыткул Турлыбекқызы  Маканова алып, қазіргі білім беру ұйымдарының өзін-өзі бағалауын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңына «Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы» білім беру ұйымдарының қызметтерін білім беру саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленетіндегіне екпін берді.

Және білім беру қызметтерінің Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына, білім беру ұйымдарының өзін-өзі бағалауын ұйымдастыру және өткізу мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім беретін оқу бағдарламаларын, комиссияның тәрбиеленушілердің ата-аналарына сауалнама жүргізуі, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін  бекітілген тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпы білім беру стандартының талаптарында көзделген міндеттерді орындау екендігін түсіндіріп өтті.

Білім беру ұйымында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқыту нәтижелерін бағалаудың орнына тәрбиеленушілердің оқу жылы ішіндегі жетістіктеріне мониторинг жүргізілетінін баяндады. Келесі сөзді, «Мектепке дейінгі ұйымның жылдық жоспары» тақырыбында «Балдырған» бөбекжай – балабақшасының әдіскері Н.А. Дементьева алып, жылдық жоспардың  жасалу жолдары мен бөлімдерімен таныстырып өтті.

Осыдан кейін мектепке  дейінгі ұйымдардағы тәрбиешілердің негізгі жұмыс жоспарлары ұйымдастырылған оқу қызметінің перспективалық жоспары және айлық, апталық циклограммасы «Солнышко» бөбекжай – балабақшасының  әдіскері  Г.Ж. Аязбаева сөз алып, оны да толық түсіндіріп, соңынан іскерлік ойын жүргізіп, келген қонақтармен жұмыстар жасады. Семинар соңында «Ақбота» бөбекжай – балабақшасының  меңгерушісі Б.Ж. Базарбаева «Достық» тақырыбында іскерлік ойын жүргізді.

Мақсаты: Қазіргі заман тәрбиешісінің әлеуметтік – психологиялық мәдениетін жетілдіру, бір-бірлеріне деген достық сезімін арттыру. Тәрбиешілірдің педагогикалық рефлексиясын дамыту. Шығармашылыққа, әріптестікке, бастамашылдыққа ынтасын дамыту. Өзін – өзі тануға, педагогикалық ізденімпаздыққа қызығушылығын тәрбиелеу. Қорытындысында келген қонақтармен кері байланыс жүргізіліп,  «Ашық әңгіме» алаңына «Іңкәр» бөбекжай – балабақшасының меңгерушісі Әмиркулова Сандуғаш сөз сөйлеп, рахмет айтып, жылдық жоспар бойынша түсінбеген сұрақтарына жауап алды.

«Ер сәби» балабақшасының әдіскері Калманова Эльвира бір жылға алынған жылдық міндеттемені келесі жылы тағы да алуға болады ма? – деген сұрақ қойды. Бақылау мен басшылық бойынша сұрақтар қойылып, талқылау жұмыстары жүргізілді. Қорытынды сөзді «Күншуақ» бөбекжай – балабақшасының меңгерушісі Б.Еламанова алып,  келген  қонақтарға өз алғысын білдірді.

Гүлнұр Теңізбайқызы СӘРСЕНБАЕВА.
“Күншуақ» бөбекжай – 
балабақшасының
әдіскері, Алматы облысының Іле ауданы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий