Amanzholov University-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған концерт ұйымдастырылды

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты концерт өтті, – деп хабарлайды осы жоғары оқу орнының баспасөз қызметі.

Шара басында студенттер дайындаған құттықтау бейнеролигі көрсетілді. Жастар Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа және барша халыққа қазақстандық әр отбасы амандығы, қонақжайлығы мен еңбексүйгіштігі, қауіпсіздігі пен бірлігі, тұрақтылығы пен ертеңгі күнге деген сенімі үшін алғыстарын, ізгі тілектерін жолдады.

– Бұл күн халық пен ел үшін өте маңызды, өйткені Ұлт көшбасшысы тәуелсіз мемлекет дамуының басым бағыттарын бекітіп, нағыз егемендікке жол ашып, Отанымызды төрткүл тарапқа әйгілі етті, – деп бастады мерекелік кешті жүргізушілер. – Мемлекет тәуелсіздігі арқылы бүкіл халықтың сан ғасырлық арманын жүзеге асты. Іс-шарада С.Аманжолов атындағы ШҚУ ректоры Мұхтар Төлеген құттықтау сөз сөйледі.

– Құрметті студенттер, әріптестер және қонақтар, біз сіздерді Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған іс-шарада қарсы алғанымызға қуаныштымыз. Қазақстанымыз бүгінде әлемде қарқынды дамып келе жатқан мемлекет. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген саясаты мен кемел кемеңгерлігінің арқасында 90-шы жылдары, еліміз егеменді мемлекет ретінде қалыптасу кезеңінен өткен шақта халықаралық нарықтық экономикаға кіріп, табысты реформаны жүзеге асырды. Қазір бүкіл Қазақстан халқы, соның ішінде біздің университет өз жетістіктерін мақтан тұтады, – деді С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің ректоры Мұхтар Төлеген.

Салтанатты шара барысында ректор оқытушылар мен студенттерді жоғары көрсеткіштері мен белсенді жұмысы үшін Құрмет грамоталары мен алғыс хаттармен марапаттады. Айта кету керек, концерт қонақтары үшін Альмира Нұрғожинаның орындауында “Қазақстан – бұл мен”, Юрий Ананьевтің орындауында “Көктем келгенде” әндері шырқалды. Бизнес және құқық жоғары мектебінің студенттері “Атамекен” әнін орындады, Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебі түрік биін биледі. Шара соңында әскери кафедра тыңдаушылары “Иә солай” әніне ту шеруі өтті.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий