“Ұстаздық келбет: кеше және бүгін” тақырыбындағы әріптестік ойтолғам

Білім беруді дамыту орталығы «Озат тәжірибелі педагогтері»  қауымдастығының жұмыс жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай және  нәтижелі педагогикалық тәжірибелерді насихаттау, тәжірибе алмасу, білім берудің инновациалық әдістері мен формаларын енгізу мақсатында «Шабыт» балалар шығарамашылық орталығында  «Ұстаздық келбет: кеше және бүгін» тақырыбында әріптестік ойтолғам шарасы ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Облыстық әріптестік ойтолғам шарасы Білім беруді дамыту орталығының директоры Г.Кубашеваның алғы сөзімен басталып, әрі қарай таныстыру тренингіне жалғасты. «Озат тәжірибелі педагогтері»  қауымдастығының жетекшісі Г.Мусагалиева қауымдастық мүшелерінің осы кезге дейін атқарған жұмыстары туралы  есеп бере отырып, алдағы кезеңдерге құрылатын жоспардың маңыздылығына тоқталды.

Шараның басымдық бөлімінде қауымдастық 5 бағытта: Үздік педагогтер, қоғамдық-гуманитарлық, жаратылыстану-математика мен бастауыш сынып, көркем-эстетикалық пән мұғалімдері қауымдастығының  теориялық жұмысы жүргізілді. Топтармен жұмыс барысында таныстыру, тақырыптық жұмыстарын қорғаумен қатар ситуациялық сұрақтар талданды. Шараның қорытынды бөлімінде педагогтер арасында ұжымдық байланысты орнату мақсатында қызықты тимбилдинг ұйымдастырылды.

Әріптестер арасында инновациялық идеяларды кеңейту барысында өткізілген шараға қатысушылар тарапынан оң пікірлер айтылып, 2022 жылдың жұмыс жоспарына әр топтан ұсыныстар беріліп, кері байланыс жасалды. Білім саласына пайдасы тиер көптеген істерді атқару – басты мақсатымыз деп санайтын педагогтер қауымы келесі шараны да ұйымшылдықпен өткізетініне сенімдері мол.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий