ҚР Тәуелсіздігіне – 30: Бостандықтың бағасын білдік

Қазақ даласы қиын тағдырды басынан өткерді. Даламызда ежелгі сақ, ғұн, түркі, қыпшақ тайпалары мекен етті. Байтақ дала еш ұлт-тайпаны жат көрмеді, көшіп-қонғанды құшақ жая қарсы алып, мекені болды. Ата-бабаларымыз мына кең байтақ даланы талай жаудан қорғап, бізге аманат етіп тапсырды. Олар осы тәуелсіздікті сан-ғасырлар бойы аңсап келді. 1465 жылы Керей мен Жәнібек хан қазіргі Шу өңірінде Қазбалы деген жерде жеке хандық құрған болатын. Бұл жүйе бойынша мемелекет ретінде өмір сүруі XIX ғасырдың бірінші жартысына дейін жалғасты.

Осы кезден бастап тәуелсіздік алған 1991 жылға дейін еліміз Кеңес Одағының құрамында болып келді. Өткен ғасырдың басында қазақ зиялылары бастаған ұлт азаттық көтеріліс орын алды. Ол тарихта «Алаш» қозғалысы деген атпен қалды. Алаш қозғалысына атсалысқан азаматтар: Ә. Бөкейханов,  А.Байтұрсынұлы,  Х. Досмұхамбедұлы, М.Дулатұлы, Ә. Ермеков, М. Тынышбаев, М.Шоқай тағы басқа ұлы қайраткерлер 1917 жылы шілде, желтоқсан айларында өткен жалпықазақ сьездерінде «Алаш» партиясын және «Алаш» автономиясын құрып, тәуелсіздікке ұмтылды.

«Біз Тәуелсіздікті ақылмен, ата-баба жолымен алдық деп ойлаймын», – деп ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай 1991 жыл еліміздің Қазақстан деген атпен бүкіл әлемге алғаш танылған кезі еді. Сол сәтте міне 30 жыл да өте шықты. Тәуелсіздік жолында қызымет еткен, өзін елге арнап, жерін, халқын қорғаған түлғаларымыздың себепші болуына бүгінде өскелең ұрпақ керемет, тыныш заманда өмір сүріп отыр. Қазіргі таңда кең байтақ еліміз әлем мәдениетінде мақтанарлықтай беделге ие, талантты жастар еліміздің атағын асқақтатуда. Сонымен қатар мемлекеттік рәміздеріміз тәуелсіздігіміздің бірден-бір дәлелі дегім келеді.

Мемлекетіміз осы уақыт аралығында саясат пен экономика және әлеуметтік салалар бойынша айқын бағыт қалыптастырғанын көрудеміз. Тәуелсіздікке қол жеткізгін тарихи сәт баршамыз үшін ең асыл да ардақты күн. Мен бұл күнді мемілекетімізбен халқымыз үшін ең басты, сонымен қатар құнды да салтанатты мереке санаймын. Дербес еліміз ширек ғасырдан астау мерзім ішінде қаржылық және тағы басқа қиындықтарға қарсы тұра білді.  Оңтайлы шешімдер қабылдап, әрқашан тек алға ұмтылды. Даму жолында биік белестерді бағындыра білдік.

Жаңа дәуірдің талаптарына сай жаңғыру, әлемді таныту, көптеген жетістіктерге және ғылыми технологиялық өзгерістерге жету бірлігі бекем халықтың жастарының қолында. Сол үшін тарихымызды ұмытпай, бостандықтың бағасын білу арқылы тек ғана алға ұмтылғанымыз жөн.

Жанила Оразбаевна БАПЕНОВА,
«Орал «Сервис» технологиялық колледжінің
физика және информатика пәні оқытушысы,
Батыс Қазақстан облысы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий