Пән мұғалімдері бас қосты

Біздің білім ордасында «Teaching English as an auxiliary language to maintain communicative skill» тақырыбындағы арнайы басқосу ұйымдастырылды. Шараға облыс орталығындағы орта мектептердің ағылшын тілі пәнінің жетекші және жас педагогтері қатысты. Семинардың тұжырымдамасы қоршаған ортаны қорғау бағытында өрбіді.

Мектебіміздің жас педагогтері шеберлік сабақтарын көрсетті. №2 жалпы білім беретін мектебі директорының міндетін атқарушысы К.Бердисугирова мен директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.Алагозова семинардың ашылуында кіріспе сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Жүздесу аясында педагог-модератор Л.В. Искендерова 5-сынып оқушыларына «An email about your best friend» сабағын өткізіп, сыни тұрғыдан ойлауға ықпал ететін тәсілдер арқылы білім алушылардың құзыреттіліктерін дамытты.

Д. Лебаева мен А. Досанова ұстаздарымыз 2-сынып оқушыларына «Our World» сабағын түсіндірді. Жаһанымыз жайлы қызықты бейнелер көрсетіліп, білім алушыларымыздың ағылшын тіліне деген сүйіспеншіліктері артты. Тоғызыншы сынып оқушылары «Environmental Problems» сабағында экологиялық мәселелерді көтеріп, оқытушы А.Жанболатовамен БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарын талқылады.

Педагогика ғылымдарының магистрі А. Мәлік 4-сынып оқушыларымен «Our Planet’s Treasure» сабағында біздің жеріміздің қазынасы жайлы ойын сабағын жүргізсе, педагог-сарапшымыз Ж.Кабиева 8-сынып оқушыларымен «Travel & Tourism» саяхат-сабағын көрсетті. Бір күндік семинар аясында жас педагогтеріміз шеберлік сабақтарын өткізе отырып, қалалық әріптестерімен тәжірибе алмасты.

Кания Копжасаровна БЕРДИСУГИРОВА,
№2 жалпы білім беретін мектеп директорының
міндетін атқарушы, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий