Тәуелсіздігіміз тарих тағында

Заман өзгеріп, айымыз оңынан туғанына да биыл отыз жыл. Аңсап күткен тәуелсіздігіміз жолымызды ашты. Кеше ғана әлем танымай келген қазақ елі бүгін дүниежүзілік қауымдастықтың алдыңғы қатарынан көрінуге ұмтылуда. Сондай-ақ біз – демократиялық және құқықтық мемлекет құруды әу бастан қолға алған дербес мемлекетпіз.

Алайда сол демократия дегеніміз қазаққа жат та дүние емес еді. Біздің халқымыздың қанына сіңіп, бойына біткен бір қасиеті – сөзге тоқтай білгендігін өз басым демократияның көкесі деп те айтқан болар едім. Дегенмен осы күндері сол сөзге тоқтау қасиетінен айырылып бара жат­қанымыз үшін де алаңдайтын жай бар. Әркімнің өзіне өзі «мен демократиялық қоғамда өмір сүруге әзірмін бе?» деген сауал қоя білгені жөн. Демократиялық қоғамда өмір сүрудің басты шарты әуелі сол өзің өмір сүріп отырған мемлекеттің заңын сыйлау мен сақтаудан басталарын да ұғынар кез келді.

Тарих тағындағы тәуелсіз­діктің жаңа тағдырын айқын анықтап алған жаңа Прези­дентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев ең әуелі биліктің халық алдын­дағы жауапкершілігін арттыру қажеттігін алға тартты. Халық­тың табысын арттыру, сыбайлас жемқорлықты жою, сот және қ­ұқық қорғау жүйесін реформалау, жаңа жұ­мыс орындарын ашу және халықты лайықты жалақымен қамту, тұрғын үй мәселесіне ба­сымдық беру сияқ­ты бү­гінгі күні қалың бұқа­раны тол­ғандырып отырған өзекті мәсе­лелерге қатысты да тың ойлар айтылып, оларға байланысты нақты істер қолға алынатыны атап көрсетілді.

Барша отандастарымыздың жарқын да бейбіт болашағы үшін адал қызмет етуге ант берген Мемлекет басшысы әділетті әлеу­меттік ұстанымымен және өңір­лерді дамытудың жаңа бағы­тымен, «Рухани жаңғыру» құндылықтарымыздың рухани бағдарымызбен, қалыптасқан ұстамды сыртқы саясатпен, жас ұрпаққа деген сеніммен жедел өзгерістер дәуіріне күні-түні бір қалғымай шапшаңдата қадам басып келе жатқан бүгінгі әлемге өз елімен, өз халқымен бірге қа­дам басты. Президентіміз енді бұған дейін толмай қалған тұсымызды толықтырып, болмай қалған кей ісімізді болдырып, қазақ халқымен бірге бірлігі бекем жұртымыз азаттықтың жұлдызын жарқырата түсетіндігіне нық сенеміз.

Аманкуль Орынбаева ЕСМЫРЗАЕВА,
«Өрлеу» БАҰО АҚ Жамбыл облысы бойынша
педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін
арттыру институы, Тараз қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий