Әріптестің әдістемелік әлемі

Біздің білім шаңырағында бастауыш  сынып  әдістемелік  бірлестігінің  апталығы  ұйымдастырылды. Қатысушылар сыныптардағы түрлі  формада  сабақтарында түрлі тиімді  әдіс-тәсілдерді  қолдана  білді. Жаңа  форматта өткізілген  музыка  пәні  мұғалімі  Г.Закенованы  ерекше  айтар  едім.  Үшінші сыныпта «Көнеден   жеткен  жетіген» тақырыбында  өткізілген  сабақтан  ерекше  әсер  ала  алдық. Мұғалім  оқушылармен  сәлемдесіп,  түгендеп,  сабаққа  оқушылар  назарын  аударды. 

Жаңа   тақырыпты  жетіген   аспабын  тыңдатудан  бастады.  Оқушылар Нұрғиса Тілендиевтің    «Аққу» күйін  тыңдады. Аққудың  бейнелік  сипатын  күйде  ерекше  берілген  және  оны  жетіген  аспабында  тыңдау  оқушылардың  қызығушылығын  арттыра  түсті. Интербелсенді  тақта  арқылы халық  күйінің  шығу  тарихы  мен  жетіген  аспабының  шығу  тарихымен  өзара  байланысын  саралады. Оқушылар  үнбейне  хрестоматиядағы  жетіген  аспабының  ескі  және  жаңа  түрін  көріп,  салыстырып,  айырмашылығына  тоқталды.

Талқыға  салған  оқушылар өз  ойларын  толық  жеткізуге,  пікір-таласқа  түсуге  тырысты. Дәптермен  жұмыс  жүргізе  отырып,  қойылған  сұрақтардың  жауабын  жазды. Бір-бірін  толықтыра  отырып, өзара  «Үш  шапалақ» тәсілі  арқылы  бағалауды  да  жүргізе  білді. Мұғалім жетіген  аспабының  шығуына  байланысты   аңызды  баяндағанда  оқушылар  мұқият  тыңдап, оқулықтан  аңыздың  қысқа  желісін  оқыды.  Көнеден  келе  жатқан  жетіген  аспабының  үнін  тыңдатып,  мұғалім  өзі Ахмет Жұбановтың «Қарлығаш» әнін   орындап  берді.

«Сұрақ  ілмегі»  әдісі  арқылы  тыңдалған  күй  бойынша  сұрақтарға  оқушылар  жауап  беріп,  күйден  алған  әсерлерімен  бөлісті. Оқушыларға  зерттеу  ізденіс  жұмысы  берілді.  Оқулықта  берілген  зерттеу  жұмысының  талаптарымен  танысты.  Аспаптың  пішініне,  орындау  түріне тоқталды. Аспаптың  ерекшеліктерін  де  зерттеді. Оқушыларға  ұсынылған тапсырмалар толықтай орындалып,  рефлексия  бөлімінде  мұғалімге  кері  байланыс  бере  алды. Оқушылар  сабақтан  алған  әсерлерімен  бөлісті.

Сабақ  өте  жемісті  болды  деп  есептеуге  болады. Өйткені  барлық  оқушылар  белсенді  бола  білді. Оқушылардың  ұлттық  аспаптарға  деген  сүйіспеншілікті  тудырған  музыка  пәні  мұғалім Г.Закенова әріптесіміздің еңбегі  зор.

Гульнар Чакирбековна МУХАМАДЬЯРОВА,
Жетісу орта  мектебінің тренері, ӘБ жетекшісі,
педагог-зерттеуші, Алматы  облысы, Сарқан  ауданы 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий