Жолдау – 2021: Қоғам дамуының басты бағдары

Біздің арнаулы оқу орнындағы «Саналы ұрпақ» клубының ұйымдастыруымен «Теміржол көлігінде қозғалысты басқару және тасымалдауды ұйымдастыру»  мамандығы бойынша оқитын студенттер арасында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың биылғы қыркүйек айының 1-ы күні барша отандастарымызға арнаған «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» тақырыбындағы мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына және ішкі саясатқа бағытталған жолдауымен таныстыру жұмыстары жүргізілді.  

Жолдау пандемиядан кейінгі кезеңдегі экономикалық даму, денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру, сапалы білім беру, өңірлік саясатты жетілдіру, еңбек нарығында тиімді экожүйе қалыптастыру, саяси жаңғыру және адам құқығын қорғау сияқты маңызды мәселелерге арналған. Мемлекет басшысы сөйлеген сөзінде тәуелсіздік алған отыз жыл ішінде жеткен ең басты жетістігіміз ретінде біртұтас ел болып, тұрақты қоғам құрып, орнықты даму жолына түскендігімізді атап көрсете отырып, осы негізде Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан  Назарбаевтың  тәуелсіз елімізді құрып, дамытудағы ерен еңбегін айрықша атап айтты.

Әлемді жайлаған індет кезінде қолға алынған байыпты шаралардың арқасында атқарылып жатқан біршама игі істер туралы айта келіп, стратегиялық мақсатымыз – Орталық Азиядағы көшбасшылық рөлімізді күшейту және әлемдік экономикадағы орнымызды нығайту деп алдағы мақсаттарға да тоқталғаны баршамызға белгілі. Әр жыл сайын Жолдаудың мазмұны өзгеріп отырады. Бұл жылы ол бұрынғыдан да өзгеше. Биылғы Жолдау біз үшін болашаққа жоспар құруға және негізгі бағыттарды іске асыру үшін тамаша мүмкіндік.

Тәуелсіз елімізді одан әрі дамыту мен оның азаматтарының өмірін жақсартудың маңызды қадамдары айқындалған Президент Жолдауын біздің колледждің студентері де бірауыздан қолдайды және осы міндеттерді шешуге белсенді қатысады деген сенімдеміз.

Гүлжазира Шәмшібекқызы ӨМІРБЕКОВА,
Қарағанды техникалық университетінің
Инновациялық технологиялар колледжіндегі
«Саналы ұрпақ» клубының үйлестірушісі

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий