Мұғалімдердің шығармашылық көрмесі

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай көркем еңбек, графика жобалау пәндері бойынша «Тәуелсіздік тұғырым» атты мұғалімдердің шығармашылық көрмесі ұйымдастырылды. Орал қаласындағы білім беру ұйымдарындағы 92 ұстаз бұл байқауға қатысушылардың жұмысын сараптайтын әділ қазылар алқасының назарына төл туындыларын ұсынған болатын, – деп хабарлайды Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі. 

Шараны ұйымдастырудың басты мақсаты – мұғалімдерді ұлтжандылыққа, бірлікке, ел тарихын білу, салт-дәстүрімізді дәріптей отырып, шығармашыл және жаңашыл ұстаздарды анықтап, олардың кәсіптік деңгейін көтеруге жағдай жасауды көздейді. Жүлделі орын алған жеңімпаз үздіктерге қалалық білім беру бөлімінің арнайы дипломдары табысталып, алғыс хаттармен марапатталды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий