Жамбыл – жырдың толассыз бұлағы, өшпес өнегесі

Ақтөбе облысы білім басқармасының қолдауымен, жергілікті мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бастамасы бойынша жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына арналған «Ғасыр жырлаған – ғажап ақын» тақырыбындағы әдеби-сазды кеш ұйымдастырылды, – деп хабарлайды осы аймақтағы салалық құрылымның баспасөз қызметі.
Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығымен тұспа-тұс келіп отырған рухани шараның негізгі мақсаты – сөз мәйегін кие тұтқан абыз жыраудың өмірі мен шығармашылығын, рухани бай мұрасын насихаттау. Ақын-жазушылар, жыршы-жыраулар, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, жыр сүйер қауым, жастар қатысқан шарада өңір жетекшісінің орынбасары Бұлбұл Елеусінова сөз сөйлеп, “Жамбыл жырлары” облыстық байқауының жеңімпаздарын марапаттады.
“Жамбыл жырлары” облыстық байқауының жеңімпаздары Ақтөбе қаласы, Б.Момышұлы атындағы №62 орта мектебінің 6 сынып оқушысы Елдос Бақтығалиев, Ойыл ауданы, Сапақкөл орта мектебінің 6 сынып оқушысы Алтынгүл Рысқали және Темір ауданы, Сарыкөл орта мектебінің 10 сынып оқушысы Наргиза Беркінғалиева.
Ұлы ақынның баға жетпес мұрасын насихаттауға бағытталған шараға қатысушылар арнайы кітап көрмесімен танысып, «Көроғлы» эпосының Жамбыл жырлаған нұсқасы мен ақындар айтысын және әйгілі «Ленинградтық өренім!» поэмасы мен «Үндеу», «Бұлбұл», «Аттандыру», «Егіс жыры» сынды шығармаларына қоса ән мен күйлерді тыңдады. 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий