Кәсіби бағдар беру мен кәсіпкерлікке бейімдеудің механизмі талқыланды

Б.Момынбаев атындағы №278 IT мектеп-лицейде аймақтағы оқу орталығының бастамасымен «Кәсіпкерлік мектебі: кәсіби бағдар беру мен кәсіпкерлікке бейімдеудің механизмі» тақырыбындағы жергілікті ғылыми практикалық конференция ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Қызылорда облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.
Жүздесуге облыстың бас ұстазы Ақзира Қасымова, қалалық білім бөлімінің басшысы Динара Баймурзаева және «Серіктес директорлар» лигасының мүшелігіндегі мектеп директорлары қатысып, жаңадан жасақталған HITECH шеберханасының ашылу салтанатына куә болды. Басқосуға жиналғандар «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәнін оқыту, балаларды ерте жастан мамандыққа бейімдеу алғышарты, стартап жобалар, оқушылардың шығармашылық идеяларды зерттеуі мен жүзеге асыруы бойынша секция отырыстарында айтылған пайымды пікірлер мен ұтымды ұсыныстарды ұсыныстарды тыңдады.
 
Ақзира Бақтыбайқызы «Кәсіпкерлік мектебі» пилоттық жобасы мен кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаны қолдау, кәсіби бағдар беру, кәсіпкерлікке бейімдеудің тетіктері туралы баяндама жасап, мектеп оқушыларының аймақтың ірі кәсіпкерлермен жаңа жобаларды жүзеге асыру жоспарына қолдау көрсетілетіндігіне тоқталды. 
 
Қорытынды кезеңде білім ордасы мен «Қызылорда қызмет көрсету және сервис» колледжі арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Осы уағдаластықтың негізінде алдағы уақытта кәсіптік бағдар беру, мамандық таңдау бағытындағы ортақ жұмыстар бірлесе атқарылатын болады. Соңында қатысушылар мектептің жас ұстаздары мен оқушылары әзірлеген «Еліміздің еркіндігі-Тәуелсіздік» тақырыбындағы театрландырған қойылымды тамашалады. 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий