Үздік бейне сабақтар байқауы қорытыланды

Аймақтағы кәсіптік білім беру мекемелерінің оқытушылары арасында «Мәңгілік елдің алып тұлғалары» мерейтойлық күнтізбелік күндерге арналған арнайы байқау ұйымдастырылды. Мақсат – ұлы тұлғалардың мұрасын насихаттау, білім беру саласындағы шығармашылықпен жұмыс істейтін кәсіби білікті педагогтердің тәжірибесін тарату және үздік бейне сабақтарды іріктеуге бағытталған болатын, – деп хабарлайды Алматы облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.
Қазылар алқасының ортақ шешіміне байланысты үздіктердің есімі анықталды. Бірінші орынмен Талдықорған агро-техникалық колледжінің арнайы пән оқытушысы Касен Кожагулов марапатталса, Талдықорған сервис және технологиялар колледжінің тарих пәні оқытушысы Асем Андабекова мен «Zhansugurov college» колледжінің тарих пәні оқытушысы Бакытгуль Байырбаева екінші қатардан көрінді. 
 
Үшінші орын Талдықорған агро-техникалық колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәндері оқытушысы Бажан Сембекова мен Сарқан политехникалық колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәндері оқытушысы Алима Тусупова және Алакөл гуманитарлық –техникалық колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы Жанна Күзенбаеваға берілді. 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий