Жас басшылар арасындағы дебаттық турнир
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу қарсаңында білім беру ұйымдарының басшылары арасында «Тәуелсіздік жолындағы жаңа менеджер» облыстық пікірсайыс турнирі ұйымдастырылды. Бұл іс-шараға облыстың 14 ауданы мен қалаларынан 15 команда қатысты, – деп хабарлайды Ақмола облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.
Білім беру ұйымдарының басшылары өз ойларын, идеялары мен көзқарастарын дәлелдей білуімен жарысты. Төрешілікке облыстың тәжірибелі пікірсайысшылары Сембі Әділет, Алмаз Сатпаев, Риззат Елубаев, Жаменов Жалғас, Ақансері Бекжан шақырылды. Қатысушыларды бағалау нәтижелері бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді: 1 орынды қазақ лигасында Бурабай ауданының командасы: Рахимжанов М. К., Сураганов Д. Ч; орыс лигасында Бұланды ауданының командасы иеленді: Жаркин Д. С., Капезов Е. А.
Екінші орынды қазақ лигасында Көкшетау қаласының командасы: Амангелді Т., Қошанова А.Б.; орыс лигасында Біржан сал ауданның командасы иеленді: Қожахметов К.Б., Бекбаев Н. М. Үшінші орынды қазақ лигасында Астрахан ауданының командасы: Шукеева Г. У., Сатемиров С. К; орыс лигасында Зеренді ауданының командасы иеленді: Саликов Е.З., Ермұханов Р. С.
Сонымен қатар, үздік спикерлер атап өтілді: Көкшетау қаласы Әл-Фараби атындағы IT-лицейінің директоры Қошанова А.Б., Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Гранитный кентінің негізгі орта мектебінің директоры Саликов Е.З. Жеңімпаздар мен үздік спикерлер «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола облыстық ұйымы» ҚБ-нің І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Загрузка...Өңірлік кезеңнің жеңімпаздары 2021 жылғы 9-10 желтоқсанда Атырау қаласында өтетін республикалық пікірсайыс турнирінде Ақмола облысының намысын қорғайтын болады. Қатысушыларға табандылық, жаңа идеялар мен жеңістер, ең батыл жоспарларды іске асыруды тілейміз!