Ауыл мектептерін қолдау семинары

Нұр-Сұлтан қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінде Қарағанды облысы, Нұра ауданының “Сәкен Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектебімен”  тәжірибе алмасу және оқушыларды дайындау бойынша семинар сабақтары өтті, – деп хабарлайды осы білім ордасының баспасөз қызметі.

Іс – шараның мақсаты – әдістемелік қолдау, білім беру тәжірибесін арттыру, педагогтердің кәсіби шеберліктерін шыңдау және шығармашылық қабілеттерін дамыту. NIS халықаралық бакалавриат мектебіне  Ахмет ауылынан 15 мұғалім мен 15 оқушы арнайы келді. Семинарға химия, биология, физика, математика, ағылшын тілі, Орыс тілі және Қазақстан тарихы пәндерінің мұғалімдері қатысты.

Семинардың басты мақсаты – мұғалімдерге қолданбалы пәндердің сабақта қолданысы жайында, сондай-ақ одан әрі ынтымақтастық үшін ауыл мектептері мұғалімдерінің қауымдастығын (тобын) ұйымдастыру мәселелері талқыланды. Семинар барысында 15 – тен астам мұғалім сабақ беру барысындағы тапсырмалардың түрлі вариацияларын талқылауға белсенді атсалысты, – дейді директордың даму ісі жөніндегі орынбасары Шантаев Еркін Нұрланұлы.

Офлайн семинар-тренинг барысында NIS халықаралық бакалавриат мектебі оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымы мүшелері қонақтарға  мектеп ішіне экскурсия өткізді. Айта кету керек, өткен жылы Global Teacher Prize сыйлығының амбассадоры – NIS  IB оқытушысы Динара Бейсембаева осы орта мектепке  зертханалық жабдықтарын сыйлаған болатын. Сонымен қатар, мұғалімдерге онлайн тәжірибелік сабақтар өткізсе, биыл семинар сабақтары офлайн режиміне өтті.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий