Зейнеткер – ұстаз, аяулы ана, сүйікті әже Күләй апай

Ұстаз алдын көрмеген жан жоқ. Өскелең ұрпаққа білім беруді өзіне кәсіп қана емес, өмірлік мәні қылған ардақты да қадірлі мұғалімдер өңірімізде баршылық. Солардың бірі – Ақай ауылының тұрғыны, ардақты ана, сүйікті әже, зейнеткер-ұстаз Күлай Әбжәмиқызы Алдажарова. Жақсы ұстаз өз жолын қуатын  шәкірт тәрбиелеп, ұстаз бен шәкірт арасында үзілмес сабақтастық орнатқанда ғана ұстаздың есімі ұрпақтан ұрпаққа таралары сөзсіз. Себебі,  кез-келген салада, білім мен ғылымда болсын жетістікке жеткен жан әуелі өзінің алғашқы ұстазын еске алатыны белгілі.

Кейіпкеріміз, зейнеткер-ұстаз Күлай Әбжәмиқызы да өз балаларына қарағанда шәкірттерінің есімін  жиі қайталады. Ал, ұстаздың өз мамандығына деген сүйіспеншілігі қаншама жылғы еңбегінің жемісі, шәкірттерінің жеңісінен көрініп тұрады. Күлай апай жас кезінен ұстаз болуды армандайтын. Ұстаз болу үшін адам өзі тәрбиелі болуы маңызды. Осы арманның жетегімен ұстаздық жолға түсуге шешім қабылдайды.

Оныншы сыныпты, Қазалы ауданы қазіргі №24 Ү.Түктібаев атындағы  мектепті 1978 жылы үздік бітіріп, Қызылорда қаласы музыка училищеге оқуға түсіп 1982 жылы  аяқтай салысымен, Төретам кентіндегі №85 орта мектепті еңбек жолын бастады. Жас маман сол кездегі мектептің байырғы ұстаздарынан көп методикалық көмек алады. Жалықпай-талмай ізденіс үстінде болған ол аз уақыт ішінде сыныбындағы шәкірттерінің үздік үлгерімдеріне қол жеткізіп, мектеп басшыларының алғысына бөленеді.

Жас маманға сынып жетекшілік жұмыс беруі. Бұл жас ұстазға деген үлкен сенім әрі жауапкершілігі жоғары міндет болатын. Бойында қайрат – жігері мол ұстаз жұмысты сенімді жүргізе білді.Көп ұзатпай Қызылорда Қорқыт ата атындағы университеті жұмыстан қол үзбей сырттай бітіріп, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі мамандығын иеленген. Күлай апай оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру үшін үнемі сыныптаны тыс жұмыс театр қойылымын ұйымдастырады.

Күлай апай оқушылардың сахналық қойылымының бас-қасында оқушылармен бірге бала болып үлгі көрсетіп жатады, сол кезде апай шаршаған жоқсыз ба деп сұрасақ жоқ қайта балалардың қойылымына  қарап жасарып қаламын деп айтып отырады. Апай осы жұмыстан қандай нәтиже аласыз деп сұрағанда оқушыларым эмоционалдық ұялшақтықтан, қысылып-қымтырылудан арылу мен сөзді, образды сезіне білу мен кейіпкерге ене білуді үйреніп, бір сәт болсада қиял әлеміне шомылып, білімге құштарлығы оянады деп айтатын.

Театр қойылымдарымен оқушылар облыс, республика сахналарында өнер көрсетті.Атап айтар болсақ оқушылар арасында өтетін «Театрдың ғажайып әлемі» фестивалында республикалық кезеңінен ІІІ орын иеленген.  Ұстаздың мектептерде оқушылар театрына енгізу туралы мақаласы республикалық білім саласындағы тәжірибесі туралы республикалық «Қазақстан мұғалімі» газеті беттерінде жарияланып жатты. Бұл жайында аудандық басылым да оқырмандарына жеткізуден тыс қалған емес.

Әрдайым ізденіс үстінде жүретін педагог білімін жетілдіру мақсатында үнемі білім жетілдіру орталықтарымен тығыз байланыста жұмыс атқарып, өзінің авторлық жобаларын әріптестерге таныстырып отырады. Тәжірибе жинақтаған білімді ұстаз  жанұя жағдайымен сол кездегі іргелі білім ошағы Алматы облысындағы Ақши ауылындағы орта мектепте мұғалім болып қабылданып, бала жаннының бағбаны бола білгендіктен, мектеп әкімшілігі тәрбие саласын сеніп тапсырған.

Өмір бір орында тұрмай жүйткейді дегендей 2002 жылы алғашқы ұстаздық еткен Төретам кентіне қайта оралып №80 мектеп-гимназияда өз жұмысын жалғастырып, құрметті демалысқа шықты.
Ұлағатты ұстаздан дәріс алған шәкірттері бұл күндері еліміздің түкпір-түкпірінде түрлі мамандық иелері атанып, басшылық қызмет, бизнес саласында жемісті еңбек етуде. Бұл ұстаздың тер төккен еңбегінің жемісі. Өскелең ұрпаққа білім беру, ұстаздық жұмыстар мен қатар мектептің, ауылдың қоғамдық өміріне тұрақты атсалысты.

Мектептегі кәсіподақ өмірі, әр жылдары өтетін түрлі деңгейдегі аудандық сайыстардың әділқазы алқасы болып білім саласы жұмыстарына белсенділік танытқан. Аудандық мұғалімдер конференцияларына, облыстық мұғалімдер жиналыстарына делегат болды. Осы жылдар ішінде өз уақытын аямай, шәкіртінің уақытын аялап еңбек еткен ұлағатты ұстаз, шәкірттеріне өмірлік азық болар тәлім-тәрбие беріп, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік тұрғыда бағыт-бағдар бергені үшін  қоғамдық өмірдегі белсенділігі лайықты бағаланды.

Қажырлы еңбегі бағаланып, аудандық, облыстық мекемелерден бөлек, Ардагерлер қоғамының төсбелгісін иеленді. Өмірі өнегемен өрілген ұлағатты ұстаз Күлай апай жолдасы Мырзабай екеуі отбасының берекесін айрандай ұйытып, төрт қыз өсіріп, тәрбиеледі. Оларда ана жолын қуып әр қалада білім саласының мамандары. Ұстазымызға зейнет жасыныңыз құтты болып, ұрпағыныңызбен мың жасаңыз деп тілек айтамыз!

Толқын ТЛЕУҒАБЫЛОВА,
Темірбек Жүргенов атындағы №80
мектеп гимназияның қазақ тілі мен
әдебиеті пәні мұғалімі, Қызылорда
облысының Қармақшы ауданы

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий