Ақмола облысында 25 жас шахматшы бір мезгілді ойын сеансына қатысты

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында Әл-Фараби атындағы IT лицейінде классикалық шахматтан турнир өтті. Спорттық турнирді мектеп жасындағы балалар арасында салауатты өмір салтын және шахмат спорт түрін насихаттау, жас дарындарға қолдау көрсету, зияткерлік спорт түрлеріне деген қызығушылықты арттыру мақсатында Көкшетау қаласының білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткізілді, – деп хабарлайды Ақмола облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Бұл сайыстың ерекшелігі Көкшетау қаласының Құрметті азаматы, педагогикалық еңбек ардагері, шахмат бойынша спорт шеберіне кандидат Тельман Мукушев қала мектептерінің 25 жас шахматшысымен бір мезгілді ойын сеансын өткізді. Өз құрдастарының арасында № 2 мектеп-лицейінің оқушысы Мамыров Бейбарыс Тельман Шариповичпен финалдық ойында тең есеппен үздік шықты. Сайыс соңында жеңіске деген жігері үшін Бейбарыс Мамыров 1-дәрежелі дипломмен және бағалы сыйлықпен марапатталып, бір мезгілді ойын сеансының барлық қатысушыларына сертификаттар тапсырылды.

Айта кету керек, шахмат – бір қарсыластың екіншісінен зияткерлік артықшылығын көрсетуге арналған өте ежелгі және қызықты ойын. Ғасырлар бұрын пайда болған осы ежелгі, ең танымды да, қызықты спорт ойынын адамдар қатты ұнатып, үлкен қызығушылықпен ойнаған. Өркениетті басып озып келе жатқан танымал шахматтың тарихы бұл тамаша ойынды қалай ойнауды үйренудің тағы бір дәлелі екендігі даусыз.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий