Бала тәрбиесіндегі отбасының маңыздылығы

Ақтөбедегі Назарбаев Зияткерлік мектебінің жетінші сыныптарының ата-аналары мен жасөспірімдеріне арналған «Мы просто семья» онлайн жобасы аяқталды. Бала тәрбиесіндегі отбасының рөлі өте маңызды. Бала кезінен қалыптасқан мінез-құлық қасиеттері мен негіздері адамның өмір бойына бойына сақталады. Тәрбие отбасынан басталады, – деп хабарлайды осы білім ордасының баспасөз қызметі.

Жақын, қымбатты адамдардың ортасында бала толыққанды тұлға болып қалыптасады, оның болашақтағы қоғамдағы мінез-құлқының негізі қаланады. Бағдарлама онлайн режимінде 5 сабақтан тұрды, қорытынды сабақ Зияткерлік мектеп қабырғасында өтті. Педагог-психолог Евгения Жукова мен педагог-куратор-ұйымдастырушы Алена Шиянюк бүкіл сессия барысында ата-аналар мен 7-сынып оқушыларына бір-бірін жақынырақ тану мақсатында түрлі тапсырмалар берді.

Осылайша жобаға қатысушылар отбасындағы бауырмалдылық, сондай-ақ ата-аналар мен балалар арасындағы жақсы қарым-қатынасты дамытуға ықпал ететін әдістер туралы білді. – Ата-ананың балалық шағы, есте қаларлық оқиғалары мен өзекті мәселелері баланы таң қалдырды: барлығы бір-бірімен қызықты да көңілді күйде жаңадан танысқандай болды. Сабақта бәріміз күліп, құшақтасып, жылап, жүрекжарды сезімдерімізбен бөлістік. Бұл біреуге балаға қатысты өзінің қаталдығы мәселесін ашуға көмектесті, біреуге балалардың көңіл-күйіне мұқият болуға серпін берді, біреуге баласына қайтадан жарқын жүзбен қарауға көмектесті. Ата-ана ретінде мектептің ұстаздар қауымына осындай маңызды идея – «мықты отбасы болу» жолында бірігуге мүмкіндік бергені үшін үлкен алғысымды білдіремін. Мектептегі тамаша, пайдалы іс-шараларға жиі қатысып, бейресми жағдайда баламен бірге болып, бір-біріміздің қарым-қатынасымыздан ләззат алғым келеді. Алғыспен және ізгі тілекпен, 7-сынып ата-анасы Дана Еркебаева» (Автордың емлесі мен тыныс белгілері сақталған).

– Бірлескен оффлайн сессия тамаша көңіл-күймен аяқталды. Ата-аналардың өз мінез-құлықтарына басқа көзбен қарайтындықтарын және ата-ана мен бала арасындағы қалыптасқан сенімнің күнделікті жұмыс нәтижесі екеніне көз жеткізгенін бірауыздан атап өтті. Берілген білім мен дағдылардың барлығы балалар мен ата-аналардың эмоционалдық жағдайын жақсартуға көмектеседі, сонымен қатар біздің мектеп қабырғасында балалардың жаңа оқу жағдайларына тез бейімделуіне көмектесті, – дейді педагог-психолог Евгения Жукова.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий