Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев “Тәуелсіздік ұрпақтары” байқауының жеңімпаздарына гранттар табыстады

Қазақстан Республикасының Президенті 30 жас қазақстандыққа үш миллион теңге көлемінде гранттар тапсырды. Жеңімпаздар қатарына Қостанай политехникалық жоғары колледжінің студенті БЕЙСЕНОВ ЭЗДАР «Экотренд: Биологиялық ыдырайтын ыдыс» жобасымен енді, – деп хабарлайды Қостанай облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Жоба қоқыстың мөлшерін, сондай-ақ Қазақстан мен бүкіл әлемнің қоршаған ортасына келтірілетін зиянды азайтуға көмектесетін экологиялық таза және тез бұзылатын ыдыс-аяқ өндірісіне бағытталған. Оқытушылар Контробаева Ж.Д. мен Задорожнюк В. В. кәсібилігі мен жоғары педагогикалық шеберлігі біздің студентіміздің жеңісіне ықпал етті.

«Тәуелсіздік ұрпақтары» гранттарын тағайындау байқауын Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму Министрлігі Қазақстан Республикасы азаматтарының жаңа идеялары мен бастамаларын іске асыру үшін мынадай бағыттар бойынша ұйымдастырылды: «Ғылым», «Мәдениет», «Ақпараттық технологиялар», «Бизнес» және «Медиа». Жалпы байқауға 14-29 жас аралығындағы 410 жас үміткер қатысты. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!! СІЗДЕРГЕ АЛДАҒЫ УАҚЫТТА ТАБЫСТАР МЕН ЖЕТІСТІКТЕР ТІЛЕЙМІЗ!

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий