ҚР Тәуелсіздігіне – 30: Гимназияның отыз жылдық қадамы

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесі аясында Атырау облыстық дарынды балаларға арналған интернаттық мекемесі бар ұлттық гимназия мұражайының ашылу салтанаты ұйымдастырылды. Бұл шараға облыстың білім беру бөлімдері мен жоғары оқу орнының басшылары, кәсіподақ ұйымының жетекшілері және гимназия түлектері қатысты, – деп хабарлайды осы білім ордасының баспасөз қызметі.

Жиналған қонақтар алдымен жаңа үлгідегі технологияға негізделіп жасақталған мұражайда болып, білім ордасының тарихынан сыр шерткен тарихи жәдігерлермен танысты. Олардың арасында оқушылар пайдаланған құрал-жабдықтар, мұғалімдер жүргізген журналдар, әдістемелік-көмекші оқулықтар және тарихи фотосуреттер болды. Жиын аясында осы білім ұясының директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Нұрлыбек Ғилажұлы Даумов сөз сөйлеп, отыз жылдық өткен жолдарға кеңінен тоқталды.

Содан кейін сөз алған Атырау облысы білім беру басқармасы басшысының орынбасары Айнагүл Байғаниқызы Дүйсекенова, Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының төрағасы Қылышбай Сүндетұлы, облыстық Таланттарды анықтау және қолдау орталығының директоры Руслан Құрманғалиұлы Сарбалин, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Шолпан Исағалиқызы Джанзакова және әр жылғы бір топ түлектер ыстық-ықыласқа толы тілектерін білдірді, ұжым мүшелеріне сый-сияпат жасады.

Басқосу шеңберінде білім ордасының 30 жылдық тарихы мен дамуына арналған «Тәуелсіздік тарту еткен ұлттық білім ордасы» атты кітаптың тұсауы кесілді. Салтанатты шараның соңы ұлттық гимназия ұжымының концертіне ұласты.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий