Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Мәскеу қаласындағы (Ресей) № 7 Оңалту және білім беру орталығының Мемлекеттік бюджеттік білім беру мекемесінің директоры Войтас Светлана Анатольевнамен кездесу өтті. Кездесуге «Бөбек» орталығының бас директоры Файзуллина Баян Викторовна, «Бөбек» орталығының оқу бөлімдерінің басшылары және Оңалту орталығының қызметкерлері Ю.В. Бражник, С.В. Глазунов қатысты, – деп хабарлайды осы орталықтың баспасөз қызметі.


Кездесу жылы және достық жағдайда өтті, қатысушылар заманауи білім берудің шындықтары, бала тәрбиесі мен адамгершілік-рухани білім берудегі жаңа тәсілдер туралы ой-пікірлерімен алмасты, ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылып, алдағы уақыттағы өзара әрекеттестіктің жоспарларымен бөлісті.

Меморандумның мақсаты – рухани және ұлттық дәстүрлерді білу мен құрметтеуге, өзінің ішкі жан дүниесін білуге және жалпы адамзаттық құндылықтарды бойына сіңіруге негізделген балалар мен жасөспірімдерді рухани-адамгершілікке тәрбиелеу саласындағы ынтымақтастық.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий