Ерекше білім алуды қажет ететін оқушыларды психологиялық – педагогикалық қолдаудың маңызы
Тәрбиелеу мен білім берудің адамгершілік бағытының қалыптасуымен қатар, балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау идеясы дами бастады. Ол балалар мен жасөспірімдерге білікті психологиялық көмек көрсету проблемасының аясында пайда болды. «Қолдау» түсінігінің мазмұнын талдап көрейік. Орыс тілінің түсіндірме сөздігіне сәйкес бұл термин қандай да бір құбылыспен бірге жүретін әрекетті білдіреді. Зерттеуші Ю. Слюсарев «қолдау» түсінігін адамның өзіндік ресурстарын белсендіретін және өзін өзі дамыту механизмдерін іске қосатын тұлғаның өзіндік санасының дамуы мен өзін өзі дамытуына бағытталған психологиялық көмек көрсету ретінде қолданған.
М.Р. Битянова қолдауды «баланың эмоционалдық қолайлылығы, оның табысты дамуы мен оқуына бағытталған психологтың білім беру ортасындағы кәсіби әрекеттерінің жүйесі» ретінде анықтайды. – Педагогикалық қолдаудың мақсаты сүйемелденетін адам тұлғасын институционалды рәсімдеудегі арнайы педагогикалық жүйелер арқылы жүзеге асырылатын мақсатқа бағыттап дамыту болып табылады. педагогикалық қолдау тұжырымдамасы мүдделі бақылау, кеңес беру, жеке өзінің қатысуы, баланың белсенділігінде көрінетін оның барынша дербестігін мадақтау процесі ретінде қарастырылады.
Н.Б. Крылова педагогикалық қолдауды оқушының жанында бола алу, соңынан еру, оның жеке білім беру маршрутында, оқудағы жеке қозғалыстарында бірге жүру деп түсінеді. «Қолдау», «психологиялық қолдау» және «педагогикалық қолдау»терминдерінің негізгі анықтамаларын зерттей келе біз «психологиялық -педагогикалық қолдау» түсінігінің мазмұнына талдау жасай аламыз. Е. И. Казакова психологиялық-педагогикалық қолдау «балаға, оның отбасына және педагогтарға көмек көрсету, оның негізінде өзекті проблеманың шешу жолын таңдауда дамыту субъктінің барынша бостандығы мен жауапкершілігін сақтау; педагогтар, психологтар, әлеуметтік және медициналық қызметкерлердің күшін біріктірумен қамтамасыз етілетін мультипәндік әдіс; проблеманың диагностикасы мен оны шешудің субъектілік әлеуеті, мүмкін болатын шешу жолдарын ақпараттық іздеу, әрекеттер жоспарын құру мен оны іске асырудағы алғашқы көмек арасындағы үйлесімді 15 бірлік; даму субъектінің өзі әрекеттері үшін жауапты болатын бағдарлық аумақты құруда көмек көрсету» деп түсінеді.
Э. М. Александровская психологиялық-педагогикалық қолдау – бұл білім беру процесінің жағдайында туындаған проблемаларды шешуде белгілі бір даму кезеңінде көмек көрсетуге бағытталған технология, балаға көек берудің ерекше түрі деп атады. Қазіргі қазақстандық білім беру жүйесінде қолдаудың әр түрлі модельдері әзірленіп, оның инфрақұрылымдары қалыптастырылуда. Оған психологиялықпедагогикалық және медициналық-әлеуметтік орталықтар, мектептегі қолдау қызметтері, кәсіптік бағдарлау орталықтары, психологиялық-педагогикалық қолдау, психологиялық-педагогикалық қолдаудың ресурстық орталықтары, психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар, сенім кабинеттері және тағы да сол сияқтылар жатады.
Психологиялық-педагогикалық қолдауды ерекше білім беруге қажеттілігі (ЕБҚ) бар балалар, оған жататындар: танымдық белсенділігі жоғары немесе төмен деңгейі бар балалар, мүмкіндігі шектеулі балалар, оңалту курсынан өтіп 16 жатқан балалар, жағдайы төмен отбасы балалары, қауіп тобының балалары, яғни қиын өмірлік жағдайға тап болған балалардың барлығы қажет етеді. Инклюзивті тәжірибе жағдайындағы психологиялық-педагогикалық қолдау әрбір баланың мүмкіндіктері мен қажеттіліктеріне сай нәтижелі оқыту мен дамытуға арналған әлеуметтік-психологиялық және педагогикалық жағдайлар жасайтын мамандардың тұтас, жүйелі ұйымдастырылған әрекетін білдіреді.
Даму бұзылыстарын ерте түзету; балаларды әлеуметтендіруде, оқытуда жеке ыңғай жасау; оқуға ынтасын, дербестігін, әлеуетті мүмкіндіктерін дамыту; өмірлік құзіреттердің дағдыларын қалыптастыру; ата-аналармен және құрдастармен конструктивті қарым-қатынас құру. Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің айрықша ерекшелігі оның кешенділігі және арнайы педагогикалық көмекті қажет ететін балаларды уақытында анықтауға бағдарлану болып табылады. Қызмет әрекетінің мазмұны оқушылармен түзете-дамыту жұмысының жеке бағдарламаларын әзірлеу және жүзеге асыру, балалардың мүмкіндіктері мен қабілеттеріне сәйкес білім беру бағдарламаларын бейімдеу, білім беру процесінің барлық қатысушыларының өзара түсіністік пен әрекеттестікті нығайтуға ықпал ету.
Қолдау қызметінің әрекеті бала дамуындағы кез келген проблеманы шешуде кешенді, пәнаралық тәсілдеме, білім беру процесінде бала дамуын үздіксіз қолдау, қолдау әрекетін әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық жобалау, психологиялық-педагогикалық қолдау бойынша ісшараларға ата-аналарды, педагогтар мен балалар ұжымын белсенді қатыстыру қағидаларына негізделеді. Инклюзивті тәжірибе жағдайындағы қолдау қызметінің жұмысы келесі бағыттарда жүргізіледі: психоәлеуметтік диагностика; психотүзету жұмысы; білім беру процесіне қатысушыларды психологиялық-педагогикалық және медициналық-әлеуметтік ағарту жұмысы; әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық көмек беру; ұйымдастырушылық-әдістемелік әрекет.
Инклюзивті тәжірибе жағдайындағы білім беру процесінің субъектілерін психологиялық-педагогикалық қолдау оның әрекетін үйлестірусіз жүзеге асырылмайды. Қызмет әрекетін үйлестіруші осындай орган психологиялықмедициналық-педагогикалық (ПМП) консилиум болып табылады. ПМП консилиум – негізгі идеясы балалардың жас және жеке ерекшеліктеріне, өзекті даму деңгейіне, соматикалық және жүйке-психикалық денсаулық жағдайына сәйкес балалар өмірінің тиімді жағдайларын қамтамасыз ететін психологиялық-педагогикалық қолдаудың тұтас жүйесін құру болып табылатын тұрақты әрекет ететін, үйлестірілген, ортақ мақсатпен біріктірілген, қолдау стратегиясын жүзеге асыратын мамандардың ұжымы.
Білім беру мекемелеріндегі жеке сүйемелдеудің негізгі кезеңдері. баланың дамуын сүйемелдеудің бірінші кезеңі ретінде бала туралы ақпаратты жинақтау шығады. Екінші кезең – алған ақпаратты талдау. Үшінші кезең – бала, педагог, ата-аналар, мамандар үшін ұсыныстарды бірлесе түзу: әрбір «қиын» білім алушы, тәрбиеленуші үшін кешенді көмектің жоспарын түзу. Төртінші кезең – сүйемелдеуге қатысушылардың барлығына бала қиыншылықтарын шешудегі жолдар мен амалдар туралы кеңес беру. Бесінші кезең – қиыншылықтарды шешу, яғни сүйемелдеудің әрбір қатысышуысымен ұсыныстардың орындалуы. Алтыншы кезең – орындалған ұсыныстардың сүйемелдеудің барлық қатысушыларымен талдануы (Неге қол жеткізілді? Неге қол жеткізілмеді? Не себептен?). Жетінші кезең – бала дамуын талдауды жалғастыру (Келешектер не істейміз?).
Инклюзивті білім беруді дамыту үшін, жалпы білім беру және арнайы білім беру ұйымдарының, мемлекеттік басқару органдарының және психологиялық-педагогикалық қолдау жүйелі және өзара байланысты жұмысындағы қажеттілік бар. Мемлекетіміздің әрбір азаматы – ұлттық құндылықтарымыз, әр баласы еліміздің ертеңі екенін ескерсек, әрбір ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалардың сапалы білім алып, азамат болып қалыптасуына жағдай жасау – біздің міндетіміз.
Галия Аманбердиевна СЕТКЕРЕЕВА,
«Өрлеу» БАҰО Ақтөбе облысы бойынша
ПҚБАИ-ның аға оқытушысы