Интеллектуалды дуэльге қош келдіңіз!

Республикалық пікірсайыс турнирінде «Үздік спикер» номинациясында Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы Мақсат Мұратұлы атанды. Нұр-Сұлтан қаласында өткен пікірсайыс турнирі Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығымен ұйымдастырылды, – деп хабарлайды осы білім ордасының баспасөз қызметі.

Жас спикерлер американдық парламенттік форматтың ережелеріне сәйкес, яғни үкімет пен оппозиция командалары ретінде ел мен қоғамның 30 жылдық қалыптасу жолына стратегиялық және кешенді көзқарас тақырып аясында пікір алмасты. Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің жас пікірсайысшысы Мақсат Мұратұлы Алматы облысының ғана емес, енді республика бойынша үздік пікірсайысшы атанды.

– Бұл екі команданың ең өткір, өзекті мәселелер бойынша ресми пікірсайыс ғана емес. Бұл оқиғалар мен құбылыстарға барынша кең және объективті қарауға мүмкіндік беретін нағыз интеллектуалды дуэль. Бұл – табысты адам үшін маңызды және қажетті дағдыларды меңгеруге көмектесетін тұтас әлем, ғалам, – деп есептейді республикалық пікірсайыс турнирінің үздік спикері Мақсат Мұратұлы.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий