Талдықорған – НЗМ: Жетінші сынып оқушылары республикалық “ProEco” экологиялық жобалар байқауында жеңімпаз атанды

 

Арлан Тоқтахмет, Әдия Майдан және Ақсұлтан Тоқтарқанов Жетісудың ерекше жерлерін зерттеп, «Жетісу інжу-маржандары» атты виртуалды саяхат бағдарламасын ойлап тапты. Қашықтан Тян-Шань тауларына шығу немесе Шарын шатқалын тамашалау – жобаның басты ерекшелігі. Жобаны зияткер оқушылар «Scratch» платформасында жасады, – деп хабарлайды Талдықорған қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің баспасөз қызметі.

– Біздің экскурсияларымыз Жетісу өңірінің ең көрікті жерлерін көрсетуге мүмкіндік береді. Кез келген адамға тарихты, географияны, экологияны қашықтан зерттеуіне үлкен бонус болып табылады», – дейді жоба авторларының бірі Арлан Тоқтахмет. Сонымен қатар оқушылар тұрақты және дұрыс ұйымдастырылған туризм қоршаған орта мен мәдени ортаны сақтауға үлкен үлес қоса алатынына сенімді.

Соңғы елу жылда туризмнің дамуының арқасында әлемде ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саны ретімен өсті. Яғни, виртуалды тур мемлекеттің, әр аумақтың имидждің элементі бола алады. Республикалық «ProEco» байқауында Талдықорғандық зияткер оқушылар «Жетісу інжу-маржандары» жобасымен бірінші орынды жеңіп алды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий