Worldskills Kazakhstan – 2021 республикалық чемпионатында қостанайлық колледж студенттері 12 медаль жеңіп алды

10 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласында Worldskills Kazakhstan-2021 республикалық чемпионатының салтанатты жабылуы өтті. Біздің құрама кәсіпқойлық үшін 6 алтын, 4 күміс, 2 қола медаль және 7 медальонді жеңіп алды! Бұл біздің команда жарысқа қатыса бастаған 2015 жылдан бергі ең жақсы нәтиже, – деп хабарлайды Қостанай облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Қостанай автомобиль көлігі колледжі студенттерінің есебінде 4 алтын, тағы 4 медальді Қостанай политехникалық жоғары колледжінің білім алушылары жеңіп алды. Қостанай индустриалды-педагогикалық колледжінің балаларында –  2 медаль, Қостанай педагогикалық колледжінің және Қазақстан агротехникалық колледждің балаларында –  1 медальдан. «Ауыл шаруашылығы машиналарының слесарь-жөндеушісі» құзыреті бойынша бас өңірлік сарапшы Айса Төребекұлы Валиев мақтанышпен айтады: “Біздің құраманың жетістіктеріне өте қуаныштымын! Бұл ең алдымен, облыстың ТжКБ жүйесінің даму деңгейінің көрсеткіші. Министрдің әлемдегі ең үздік ТжКБ жүйесінің ондығына ену жөніндегі тапсырмасы әбден орындалады, бүгінде колледждердің материалдық базасы жаңартылуда, білім беру бағдарламаларына үздік әлемдік тәжірибе енгізілуде. Біз жоғары жетістіктерге ұмтыламыз және үздіктердің үздігі атағын мақтанышпен алып жүреміз».

Жеңімпаздарымыз да өз әсерлерімен бөліседі. «Дене шынықтыру және спорт» құзыреті бойынша алтын медальді жеңіп алған Қостанай индустриалды-педагогикалық колледжінің студенті Мария Уварова: «Бұл ұмытылмас чемпионат болды! Мен мұндай ауқымдағы іс-шараға қатысу тәжірибесін алғаш рет алуым. Кәсіби шеберлік сайысы спорттық жарыстан ерекшеленеді, өйткені педагог ретінде кәсіби дайындық деңгейін көрсету қажет болды. Чемпионат одан әрі кәсіби табысқа жету үшін үлкен мүмкіндіктер ашады деп санаймын!»

«Инженерлік графика CAD » номинациясының жеңімпазы Қостанай автомобиль көлігі колледжінің студенті Хасанов Сұлтан   да жеңіске жеткеніне қуанышты: «Мен облысымыздың атынан шыққанымды мақтан тұтамын! Тәлімгерлерімізге рахмет! Осы құзірет бойынша өткен чемпионатта біз медальон алдық, ал бұл чемпионатта біз алтынға ие болдық. Бұл біздің саладағы құзіреттілікті дамытудағы үлкен серпіліс. Біздің облысымыздың және Қазақстанның намысын халықаралық деңгейде қорғауға дайынмын».

Мұндай жоғары нәтиже –  бұл біздің педагогтеріміздің және  білім шыңына ұмтылған дарынды студенттердің ортақ еңбегі. Алда балалардың вокзалдағы салтанатты жиын мен табысты болашақ жолындағы жаңа қадамдар күтіп тұр.

Құзырет

Ұйым атауы

Қатысушының Т.А.

Орын

1

Наубайхана ісі

 

 

«Қостанай жоғары политехникалық колледжі» КМҚК

Жагсалаг Құндыз

2 орын

2

Мобильді робототехника

Костырев Вячеслав Валерьевич

2 орын

3

Бейсенов Эздар Серикович

 

2 орын

4

Веб технологиялар

Мукашев Тамирлан Маратович

3 орын

5

Жүк техникасына қызмет көрсету

 

 

«Қостанай автомобиль көлігі колледжі» КМҚК

 Чаус Кирилл Анатольевич

1 орын

6

Жеңіл автомобильдерді жөндеу және қызмет көрсету

Дильдабеков Алишер Серикович

1 орын

7

 Инженерлік графика CAD

Хасанов Султан Рафаилович

1 орын

8

Желілік және жүйелік әкімшілендіру

Горицын Станислав Александрович

1 орын

9

Аспаз ісі

 

«Қостанай индустриалды-педагогикалық  колледжі» КМҚК

Шель Вадим Валентинович

3 орын

10

Дене шынықтыру және спорт

Уварова Мария Александровна

1 орын

11

Ауыл шаруашылығы техникасын жөндеуші-слесарь

«Қазақстан агротехникалық колледжі» КМҚК

Король Никита Юрьевич

2 орын

12

Хореографиялық ұжымның жетекшісі

«Қостанай педагогикалық колледжі» КМҚК

Кузенбаева Диляра

1 орын

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий