Дала қоңырауы: Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық тағылымы терең

Өнер – білім бар жұрттар
Тастан сарай салғызды;
Айшылық алыс жерлерден,
Көзіңді ашып – жұмғанша,
Жылдам хабар алғызды… немесе Мен үшін жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі, – дейді Ыбырай Алтынсарин.

Бар ғұмырын ағарту ісіне арнап, мектеп ашуға бар үлесін қосып, кітап жазып оны баспа ретінде шығарып, балаларды білім алып, оқытуға арнаған ұлт педагогі Ыбырай Алтынсариннің туғанына биыл 180 жыл толды. Ұлы ақын, қайраткер Ыбырай Алтынсаринді қазақ ұлттық педагогикасының негізін  салушы деп айтуға толық негіз бар. Әр заман, тарих уақыт өте  өзінің дарынды, ұлы өкілдерін жарыққа шығарып отыратыны мәлім. Елдің мұң – мұқтажын көре біліп,  қазақ халқының сол мұң– мұқтажына перзеттік махаббатын арнаған, туған халқының игілігі үшін бар күш жігерін жұмсаған ардақты азамат ретінде халық тарихынан Ыбырай Алтынсарин бабамыздың алатын орын ерекше.

Ыбырай атамыздың  игілікті  шығарма, еңбектері ұрпақтан- ұрпаққа жалғасып, елдің тарихи, мәдени тұрмыс тіршілігіне, өміріне елеулі ықпал етіп,қиын қыстау заманда білім алып, ат жалынын тартып Ыбырай білім ұранын көтерді. Елді қиыншылықпен қорлықтан құтқаратын, игілікке жол бастайтын тек білім деп есептеді ол. Бұл ретте ол жалғыз болған жоқ, байтақ Қазақстанның әр өңірінен ұлт басына төнген қауіпті терең сезініп, ұлттық құлдыраудан құтылудың жолдарын көрсеткендер де болды. Солардың ішінде ұлы Абайдың орны ерекше.

Абай мен Ыбырайдың ақындық, ағартушылық енбектері бірін –бірі толықтырып жатты. Терең зерттеп дәлелдеген ғұлама жазушы Мұқтар Әуезов, Ыбырай Алтынсарин ашқан оқу ордаларына ана тілінің оқытылуына көңіл бөліп, ондағы тәлім тәрбиеге аса назар аударды және тілашар ретінде халықтың ауыз әдебиетін пайдаланып оны өзі де ұрпақ тәрбиесіне арналған әдеби шығармалар жазып отырып толықтырды. Әдеби шығармалары арқылы тіршіліктің негізгі халық үшін ең өзекті мәселерін көтеруге бет бұрды, сонымен қатар ол қазақтың жазба әдебиетінің, ауыз әдбиетінің, әдеби тілінің негізін қалаушылардың бірі болып саналды.

Әдебиетке тың шығармалы тақырыптар әкеліп, озық ойлармен дара еңбектер еңгізді. Шиеленіскен бейнелер, бұрын болмаған жанрлар негізінде әдебиетті түрлі мазмұн жағынан дамытып отырды. Ыбырай атамыз оқу-ағарту жұмыстарына өз заманының ең озық әдістемелерін қолдана отырып балаларға ана тілінде білім берілуіне айрықша мән береді. «Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы» атты дидактикалық оқу құралын, «Қазақ хрестоматиясы» атты оқулық жазды.

Бұл кітаптарындағы оқушыны патриоттық сезімге, отан сүйгіштікке, тәрбиелейтін ғибратты шығармалары ешқашан да өзінің мағынасын жойған емес. Біздің ұлы ұстаз Ыбырай Алтынсариннің дәуірінде айтылып кеткен мән мағыналы сөздері әлі күнге дейін өз өмірімізде қолданып келеміз. Оның адамгершілікке баулыған, тәрбиеге негізделген өлеңдері мен әңгімелерінен рухани азық алдық, сонымен қоса осы әсем шығармалар арқылы бой түзеуге ұмтылдық.

Ыбырай Алтынсарин қазақ жастарын оқуға, ізгілікті, мейірімді, еңбекқор, еңбекқор болуға, өз халқын сүюге, бір сөзбен айтқанда, “Ер адам”құрметті атағын ақтай білуге шақырды. Ол бұл міндеттерді жастар ерте жастан дұрыс тәрбиеленген жағдайда ғана орындауға болатындығын түсінді. Ыбырай бабамыз осы мақсатқа өзінің ұстаздық, поэзиялық, жазушылық және аударма жұмыстарын, барлық еңбектерінің барын салып арнады. Қорыта келгенде, айтпағымыз, біріншіден, Алтынсарин қазақ елінің патша үкіметінің отарлық саясаты кезінде ұлттық санасымен мәдениетін, ұлттық салтымен келбетін сақтап одан әрі дамуын біліммен байланыстырды.

Қазақ халқының өзге ұлттан кем болмауын, жас ұрпақтың саналыда салиқалы ұрпақ болғанын қалады. Өз халқының прогрестік жолы оқу білімде деп санады. Екіншіден, Ыбырай Алтынсарин – қазақтың аса көрнекті ұлы ақыны, жазушысы, өз заманының саналы ақыл – ойшысы, тарихта орны қалған ұлы тұлға еді. Оның бейнесінен қазақ халқы мәңгі есте сақтап, ұлт болып бірігуін  ұлт жанашыры деп еске алады.

Үшіншіден, оның ағартушылық қызыметінің тағылымы мен шығармашылық еңбектері өсіп келе жатқан жас ұрпақ үшін баға жетпес рухани қазына болып қала береді. Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен қоғамдық-саяси қызыметі тарихы ұрпаққа елжандылық пен Отаншылдықтың негізгі үлгісі еді. Ыбырай Алтынсариннің қоғамдық-саяси қызыметін тарихын ұрпаққа насихаттау біздің парызымыз болып табылады. Ыбырай Алтынсариннің еңбегі мен шығармашылығын бүгінгі күндегі жастар ұмыт қалдырмауымыз керек және жас ұрпақ тәрбиелеп отырған біздер қазақтың осындай ақиық ақын жазушыларын өсіп келе жатқан жасұрпақтың санасына сіңдіртіп  отыруымыз қажет.

Ыбырай атамыздың  өзінің қазақ екенін қазақ болғанын мақтан тұтатындығын өлен шумақтарынан, шығарма жұмыстарынан байқауға  болады. Еліміз қазіргі уақытта тәуелсіздікте, еркін өмір сүріп жатыр, бұл ата-бабаларымыз армандап кеткен уақыт, сондықтан  жас ұрпақ бағалай білуі қажет. XXI ғасыр ғылым мен білімнің дамыған кезеңі. Бұл бізге берілген мүмкіндік Шығармашылық күш-жігері қалыптасқан, кемелденген шағында, болашаққа зор үміт артумен, өзі бастаған ұлы істің өлмейтіндігіне нақты көз жеткен уақытта өмір жолын аяқтады.

Бірақ ұлы ағартушының жаққан білім шамшырығы қазақ елінің, бүгінгі біздей жас ұрпақтың жүрегінде мәңгілік жарқырап тұра бермек. Қазақ халқының дарынды перзенті Ы. Алтынсарин аса күрделі тарихи кезенде, патша үкіметі Шығыс халықтары арасында қатаң отарлау саясатын жүргізіп жатқан кезенде өмір сүрді. Қазақ халқының тарихында Ы. Алтынсариннің еңбегі өлшеусіз. Ол қазақтың тұңғыш педагогы, қазақ даласында бірінші рет мектеп ұйымдастырып, қазақ жастарына білімнің есігін ашқан ақын Ы.Алтынсарин. Әрбір азамат осындай кереметтей ақынды қадірлеп, есте сақтаулары, болашақ ұрпақтарға жеткізулері тиіс!!!

Жанерке Ерболқызы КЕРІМБЕКОВА,
“Айналайын” бөбекжай-балабақшасының
тәрбиешісі, Алматы облысындағы Іле
ауданының Қосөзен ауылы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий