Тәуелсіздік күні қарсаңында қазақстандық ғалымдар мен педагогтер мемлекеттік наградалармен марапатталды

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі, белсенді қоғамдық қызметі үшін бір топ азаматқа наградалар табыстады. Олардың қатарында білім және ғылым саласының қызметкерлері бар, – деп хабарлайды ҚР Президентінің “АҚОРДА” ресми сайты.
Әл-Фараби атындағы ғылым және техника саласындағы мемлекеттік сыйлық Күнсұлу Закария мен Амангелді Садановқа берілді. Күнсұлу Закария коронавирусқа қарсы QazVac отандық вакцинасын жасап шығарған және қазір бірнеше ұқсас препараттарды жасап жатқан ғалымдар тобын басқарады. Амангелді Саданов біздің еліміз үшін жаңа және өзекті бағыт – Биотехнология мен топырақ микробиологиясын зерттейтін ғылыми мектеп құрды.
Бірінші дәрежелі «БАРЫС» орденімен белгілі ғалым Тілектес Есболов марапатталды. «ҚҰРМЕТ» орденімен Павлодар қаласының дарынды балаларға арналған гимназиясының директоры Қорлан Құспекова марапатталды. Атырау облысындағы «Нұрғиса Тілендиев атындағы кіші өнер академиясы» дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының мұғалімі Дәріжан Төреханова «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҰСТАЗЫ» құрметті атағына ие болды. Оның көптеген шәкірті ағылшын тілінен өткен республикалық олимпиадаларда жеңіске жетті.
Жаңаөзен қаласындағы мектеп мұғалімі Роза Шишенбаеваға «ЕРЕН ЕҢБЕГІ ҮШІН» медалі берілді. Ол орыс мектебінің оқушыларына қазақ тілі мен әдебиетін оқытады. Шәкірттері түрлі байқауда жүлделі орындарға ие болып жүр.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий