Тәуелсіздікке 30 жыл: БАҚ өкілдеріне арналған шеберлік сағаты

Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұстаздарының бастамасымен Маңғыстау облысының БАҚ өкілдеріне арналған «Тәуелсіздік: тұғырлы 30 жыл» тақырыбында шеберлік сағаты өтті. Витраж өнері техникасы бойынша өткен шеберлік сағатына Маңғыстау облысындағы белді басылымдардың тілшілері мен республикалық телеарналардың меншікті тілшілері және баспасөз хатшылары белсенді қатысты, – деп хабарлайды осы білім ордасының баспасөз қызметі.

Шеберлік сағаты арқылы тәуелсіз 30 жыл ішінде еліміздегі өзгерістер мен жаңалықтарға шығармашылық тұрғыдан қаратуды жөн көрдік. Сол себепті де көне өнер түрінен таныстырылым сабағын ұйымдастырдық. Журналистер қауымы шыныға сурет салу арқылы қазақ мәдениетінің болмысымен жақынырақ танысты деген сенімдеміз, – дейді шеберлік сағатын өткізуші, қосымша білім беру педагогы Алмагүл Жұмаева. 

Алдымен БАҚ өкілдері антикалық өнер түрінің шғу түрімен, қазіргі заманда қолдану тұстары және дизайнда қолдану жолдарымен танысты. Кейін өздеріне берілген материалдармен әртүрлі эскиздер бойынша шыныға сурет салды. Шеберлік сағатына қатысып отырып, витражда сурет салу техникасы ақпаратпен тікелей жұмс жасайтын журналистер үшін өте пайдалы деген ойға қалдым.

Себебі, стресс пен шаршауға толы жұмыс кезінде жүйке жүйесін тыныштандырып, назарды бір нәрсеге аударуға көп көмектеседі екен. Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында осындай шара ұйымдастырған Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұжымына алғыс білдіремін, – деді «Хабар 24» телеарнасының меншікті тілшісі Тамара Степанова.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий