Аmanzholov university еліміздегі жоғары оқу орындарын шығысқазақстандық кішкентай Эмилияға көмектесуге шақырды

Шығысқазақстандық бүлдіршін Эмилия Керімбаева әлемдегі ең қымбат дәріні қажет етеді. Amanzholov University еріктілер қозғалысы, оқытушылар мен студенттер қайырымдылық жиынына өз үлестерін қосып, шетте қалмады, – деп хабарлайды осы жоғары оқу орнының баспасөз қызметі.

Алтай қаласының тұрғыны Эмилия Керімбаева генетикалық ауру – жұлын-бұлшықет атрофиясынан зардап шегеді. Дәрі – дәрмектің бағасы қомақты – 2 миллион 234 мың доллар немесе миллиард теңгені құрайды. Отбасы бұл соманы өз бетінше жинай алмайды. Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің ректоры Мұхтар Төлеген өзге қалалардағы әріптестеріне бірігіп, Керімбаевтар отбасына материалдық қолдау көрсетуді ұсынды.

– Біз Шығыс Қазақстан облысының Алтай қаласының тұрғыны кішкентай Эмилия Керімбаеваға университетіміздің студенттері мен оқытушыларына ғана емес, басқа қалалардың жоғары оқу орындарының басшыларына да көмектесуге шақырамыз,-деді С.Аманжолов атындағы ШҚУ ректоры Мұхтар Төлеген. Amanzholov University еріктілер қозғалысы, жанашыр оқытушылар мен студенттер қайырымдылық жиынына өз үлестерін қосуда шет қалмады. Жұлын-бұлшықет атрофиясын “Zolgensma” препаратымен бір инъекциямен емдеу жеткілікті екенін айта кеткен жөн. Бүгінгі күні қажетті ақшаның 61,71% жиналды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий