Қарағанды облысы: Қарқаралы ауданындағы білім кәсіподағының кеңесі ұйымдастырылды

Қарқаралы ауданының білім бөлімінің мәжіліс залында білім саласы қызметкерлерінің Қарқаралы аудандық кәсіподақ комитетінің отырысы өткізілді. Жиынға білім беру ұйымдарының бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары қатысты, – деп хабарлайды осы жергілікті өңірдегі қоғамдық бірлестіктің баспасөз қызметі.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 12 қараша 2021 жылғы №561 бұрығында енгізілген өзгерістер және  «Аттестаттауды өткізу тәртібі», «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 12 қараша 2021 жылғы №559 бұйрығы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 19 қараша 2021 жылғы №568 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 22 қарашадағы №432 бірлескен бұйрығымен бекітілген  «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидалары» бойынша білім саласындағы өзгерістер мен құқықтық жұмыстар бойынша кәсіподақ комитеті төрағасы Азамат Секербайұлы жан-жақты баяндап, бүгінгі күнде туындағын сұрақтар, пікір алмасулар бойынша жан-жақты түсіндіру жүргізіліп, сұрақтар бойынша жүйелі жауаптар берілді.

Сонымен қатар комитет төрағасы Азамат Секербайұлы  «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Қарағанды облыстық ұйымының Қарқаралы аудандық комитеті» филилалы тарапынан 2021 жылы атқарылған жұмыстары туралы баяндама жасап, отырыста бастауыш кәсіподақ ұйымдары төрағаларының ұсыныстарын ескеріп, 2022 жылға қойылатын міндеттер қабылданды.

 

Жиында Абыз ауылындағы №27 негізгі орта мектептің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Дина Байжігітқызын 60-жасқа толу мерейтойымен құттықтап, аудандық кәсіподақ комитетінің «Құрмет грамотасымен» және ақшалай сыйлық табысталды.  Жыл қорытындысы бойынша аудандық  «Кәсіподақ қызметі туралы үздік бейнеролик» байқауының жеңімпазы «Бүркітті аулының №20 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш кәсіподақ ұйымы (төрайымы Кожабекова Алмагуль Саулегуловна) және аудандық «Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы – 2021» байқауының жеңімпазы  «Қарқаралы қаласынын  Орынбек Жаутыков атындағы №1 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш кәсіподақ ұйымы (төрайымы Омашева Алмагул Тлеубергеновна) грамоталармен, естелік сыйлықтармен және сертификаттармен марапатталды.

Жиынды комитет төрағасы Азамат Секербайұлы қорытындылап, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарды маңыздылығын айта келе жиынға қатысушыларды келе жатқан мерекелерімен құттықтады.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий