АҚШ-Қазақстан университеттерінің серіктестік гранттары бағдарламасы туралы

Небраска университеті (АҚШ) және М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Химия және химиялық технология» кафедрасымен бірлесіп ұсынылған «Аmerican Councils for International Education Kazakhstan Universities Partnerships funding» бағдарламасы бойынша «Science with a Purpose: Improving Environmental Science Capacity in Kazakhstani Universities» халықаралық ғылыми жоба 2021-2022 жылдарға 38000$ көлемінде грант жеңіп алынды. Жоба орындаушылары: х.ғ.к, қауымдастырылған профессор Масалимова Бакытгуль Кабыкеновна және PhD Калмаханова Маржан Сеитовна.

Бағдарламаның негізгі мақсаттары: Қазақстан университеттерінде, әсіресе, STEM салаларында оқу бағдарламаларын жаңғырту және оқыту әлеуетін арттыру, жаңартылатын энергия, қоршаған ортаны және ауа сапасын зерттеу; Қазақстандық және АҚШ университеттерінде STEM салаларында, әсіресе жаңартылатын энергия саласында ғылыми-зерттеу әлеуетін арттыру,қоршаған ортаны және ауа сапасын зерттеу; АҚШ пен Қазақстан университеттері арасындағы ұзақ мерзімді академиялық ұтқырлықты қолдау үшін институционалдық әлеуетті арттыру.

Данияр НҰРМҰХАНБЕТ,
Дулати университетінің зерттеулер
және халықаралық 
байланыстар
жөніндегі проректоры, Тараз қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий