Талдықорған – НЗМ: Математика пәнінің мұғалімі “Ерен еңбегі үшін” медалімен марапатталды

Елордада Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Білім министрі Асхат Аймағамбетов білім және ғылым саласындағы еңбек жетістіктері үшін Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің математика пәнінің мұғалімі Сергей Полянскихті «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапаттады, – деп хабарлайды осы білім ордасының баспасөз қызметі.

Сергей Полянских – олимпиадалық қозғалыс көшбасшыларының бірі. Оның тәрбиеленушілері математикадан халықаралық олимпиадаларда 200-ден астам медаль иегерлері атанды, олардың ішіндегі ең маңыздылары: (IMO) дүниежүзілік олимпиадада Нұрсұлтан Хажымұрадов пен Қанат Сатылхановтың жеңістері.

Дарынды математик, ұлағатты ұстаз 2010 жылдан бері Талдықорған қаласындағы НЗМ-де жұмыс істейді. Ол олимпиадаға дайындалумен қатар, оқушыларға робототехника, нанотехнология, математика академиясы және математикалық бағдарламалау курстарынан сабақ береді. Бүгінгі таңда ол Назарбаев Зияткерлік мектебі жүйесіндегі ең жоғары «Шебер Ұстаз» дәрежесін алған жалғыз мұғалім болып табылады.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий