Ақтаулық зияткер шашбау мен тақия күндерін енгізуді ұсынды

Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушыларды өзін-өзі басқару ұйымының президенті Махаббат Алимжанова Алматы қаласында өткен NIS көшбасшыларының форумында жалпыұлттық «тақия және шашбау күндерін» енгізуді ұсынды. Ол мұны «Патриоттық тәрбие» тақырыбында қорғаған баяндамасында айтты. Оқушының сөзінше, жасөспірімдерге патриоттық тәрбие беріп, отансүйгіштік қасиеттерін ояту үшін нақты іс әрекеттер мен жобалар, белгілі бір идеологоя керек, – деп хабарлайды осы білім ордасының баспасөз қызметі.

– Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары жаһандану мен ғаламтор дамыған заманда жасөспірімдерге елін, жерін сүйіп, мәдениетінен алыстамау үшін, қазақ тілін белсенді қолдандыруға жобалар арқылы белсенді атсалысып жатыр. Соның бірі Ақтаудағы мектептегі «Әжеден ғибрат» клубы. Әжелеріміз жетінші сынып оқушыларына қазақ ертегілерін киіз үй ішінде айтып, ұлтжандылыққа, дәстүрді сүюге баурап келеді. Біз де өз үлесімізді тақия мен шашбау күндерін атап өту арқылы қосуды жөн көрдік, – дейді мектеп президенті Махаббат Алимжанова.

Оның ойынша, жоба оқушылар арасында қолдау табады. Осыған орай зияткерлер тәуелсіздік мерекесі қарсаңында «Шашбау» күнін мектепте атап өтпек. Желтоқсанның 15-і күні ақтаулық зияткер қыз балалар шаштарына шашбау тағып келеді. Бұл қыздарымыздың нәзіктігі мен сұлулығын паш етіп, өз мәдениетіміз бен болмысымызды күнделікті тұрмыста жиі пайдалануға мүмкіндік береді, – дейді мектеп президенті.

Айта кетейік, желтоқсанның 9-10-ы күндері Алматыдағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде NIS көшбасшылар форумы өтті. Екі күн ішінде форумға түрлі саладағы танымал кәсіпқой мамандар, сондай-ақ Зияткерлік мектептердің түлектері қосылды. Психология ғылымының докторы, «SKILLFOLIO» білім беру платформасының негізін қалаушы Виктория Шиманская Мәскеуден байланысқа шықты, ол Зияткерлік мектептермен ұзақ уақыт бойы табысты жұмыс істеп келеді.

Онлайн семинарда форум қатысушылары жеке және командалық тиімділікті дамыту тәжірибесі мен дағдыларын талдады. Форумда елордалық НЗМ халықаралық бакалавриат мектебінің түлегі, қазіргі уақытта Абу-Дабидегі Нью-Йорк университетінің студенті Нұрпейіс Баймұханды «What is Leadership?» тақырыбында баяндама жасады.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий