Асхат Аймағамбетов: 16 желтоқсан халқымыздың тарихындағы ең маңызды әрі айтулы күн

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы құтты болсын. 16 желтоқсан халқымыздың тарихындағы ең маңызды әрі айтулы күн. Бұл – ел бірлігі мен егемендіктің белгісі саналатын басты мереке, – деп жазады ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов фейсбук әлеуметтік желісіндегі парақшасында.
Балабақша тәрбиешілері, мектептер мен колледждердің педагогтері, жоғары оқу орындарының оқытушылары және білім беру ұйымдарының басқа да қызметкерлері өздерінің күнделікті еңбектерімен еліміздегі адами капиталдың дамуына елеулі үлес қосып жатыр. Ғылыми қызметкерлеріміз және ғалымдар еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін үлкен күш-жігер жұмсауда.
 
Барлық әріптестеріме еліміздің өркендеуі жолында бар күш-жігерін жұмсап, қажырлы еңбек етіп жатқаны үшін алғыс айтамын. Қазақстан – біз үшін Отанымыз, жүрекке қымбат адамдар, бірлігімізді бекемдеп, еліміз үшін игі істер жасауға ынталандыратын ортақ құндылықтар. Тәуелсіздігіміз тұғырлы, бірлігіміз баянды болсын! Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бейбітшілік пен бақыт тілеймін!

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий