Елін сүйген тәуелсіздік құрдасы

Тәуелсіздіктің төл құрдасы – Кулмаганбетова Айгуль Жанбулатовна жайында сөз қозғаймыз. Айгуль Жанбулатовна Ақсай қаласының №1 ЖОББМ-нің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі. М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің грант иегері атанып, 2014 жылы қызыл дипломмен аяқтады. Еңбек жолын Бөрлі ауданының Кеңтүбек ЖОББМ бастап, қазіргі уақытта аталмыш білім ордасында қызмет атқарады.

Білім берумен қоса әртүрлі конкурстарға қатысып, жүлдегер атанып жүр. 2018 жылы аудандық «Үздік ағылшын тілі пәнінің мұғалімі» сайысында I орын, 2020 жылы ағылшын тілі пәнінен ұстаздар арасында аудандық олимпиаданың II орын иегері атанды. Ұстаз деген ұлы есімді абыроймен арқалап, оқушыларына білім мен тәрбие нәрін сеуіп, ел болашағының өрендерін тәрбиелеп шығаруда зор еңбек етіп келеді.

Осы оқу жылында оқушылары мынадай жетістіктерге ие болды: Шалабаева Милана аудандық «Менің болашақ мамандығым» эссе сайысында II орын, Мушенок Екатерина III орын иеленді. Стрельцова Валерия халықаралық «British Bulldog» сайысында II орын, аудандық ғылыми жобалар сайысында алғыс хатпен марапатталды.

Бөрлі аудандық білім беру бөлімінің
баспасөз қызметі, Батыс Қазақстан облысы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий