Қарағанды – НЗМ: “Оқы! Таны! Талқыла!” облыстық буктрейлер байқауы ұйымдастырылды

Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына орай заңғар жазушының шығармашылық мұрасын жас ұрпақ арасында насихаттау, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында  «Оқы! Таны! Талқыла!» атты облыстық  буктрейлер байқауы ұйымдастырылды, – деп хабарлайды осы білім ордасының баспасөз қызметі.

– Байқауға облысымыздың әр аймағына жалпы саны 64 жұмыс келіп түсті. Әсіресе Осакаров ауданы мен  Сәтбев және  Балқаш қалаларының мектептері белсенділік танытты, – дейді қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Мейрамгүл Сүлейменова. Оқушылар ұсынған бейнероликтерді саралап, үздіктерді анықтау үшін Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ақын Аян Мейраш, халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты, ақын Қайрат Асқаров және «Назарбаев Зияткерлік Мектептері» ДББҰ Педагогикалық өлшеулер орталығының аға менеджері Қарлығаш Кунева төрелік етті.

Әділқазылар шешімімен 7-8 сыныптар арасындағы байқауда І дәрежелі дипломмен Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының 7-сынып оқушысы Ералы Толеуғазов, ІІ дәрежелі дипломмен Балқаш қаласы №24 орта мектеп-интернатының 8-сынып оқушысы  Торғын Қалашбаева, ІІІ дәрежелі дипломмен О.Әлібаев атындағы ЖББМ-нің  8-сынып оқушысы Гүлшарипа Уәли, Ақбастау ЖББМ-нің 7-сынып оқушысы Архад Мұратбекұлы және Жүсіпбек Аймауытұлы атындағы ЖББМ-нің 7-сынып оқушылары Гүлжанар Ербол мен Самат Амангелді марапатталды.  

Ал 9-11 сыныптар арасында өткен байқауда І дәрежелі диплом  Үштөбе тірек мектебінің 10-сынып  оқушысы Гүлім Несіпбековаға бұйырды. ІІ дәрежелі дипломды Сатпаев қаласы №9 ЖББМ-нің 10-сынып оқушысы Жасмина Игімұратова, ІІІ дәрежелі дипломды  Абай ауданы №15 ЖББМ-нің 11-сынып оқушысы Томирис Байтенова мен Дубовка ЖББМ-нің 9-сынып оқушысы Жанатбек Ержан иеленді.

– Оқушылардың байқауға құлшынысы керемет болды. Бар ынталарымен қатысты.Ұйымдастырушылар тарапынан мұғалімдерге берілген тосын сый – тегін монтаждау курсын алғанда қатты қуандық. болды. Бір күнде барлығын игеріп алмасақ та, келешекте жұмысымызға көп көмегі тиері сөзсіз, – дейді Тоғызқұдық ауылы Жүсіпбек Аймауытұлы атындағы ЖББМ мұғалімі Салқын Баяхметова.

Ұйымдастырушылар енді буктрейлер сайысын жыл сайынғы дәстүрге айналдыруды көздеп отыр. – Алда оқушылардың бейнефоматтағы жұмыстарының сапасын арттыруды мақсатында Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойына тарту әрі мұғалімдерге әдістемелік көмек ретінде «Креативті видео» курсын ұйымдастырмақшымыз, – дейді Зияткерлік мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Алтынгүл Хасенова.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий