NIS Тәуелсіздік сабағын Британ мектебіне арнады

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің “Жасампаздық уақыты” Тәуелсіздік сабақтары алыс және жақын шет елдердегі серіктес мектептер үшін өтті. Алматы қаласының физика-математика бағытындағы НЗМ Ұлыбританияның Британ мектебімен, National college of Maths and Science виртуалды телекөпір форматында ашық сабақ өткізді, – деп хабарлайды осы білім ордасының баспасөз қызметі.

Сабақтың тақырыбы Тәуелсіздік жылдарындағы тұрақты даму мақсаттарымен және оларды жүзеге асырумен байланысты болды. Назарбаев Зияткерлік мектебінің өкілдері Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің алдағы 30 жылдығы, еліміздің мәдениеті мен дәстүрлері туралы айтып берді. Ұлыбританияның серіктестік мектебінің оқушыларымен бірлесіп Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы ынтымақтастықтың экономикалық, саяси, білім беру, экологиялық және мәдени тұрғыдан артықшылықтарын талқылады.

Бірлескен сабақ барысында он бірінші сынып оқушылары қазіргі әлемнің өзекті мәселелерін қарап, елдердің даму тенденцияларын зерттеп, талдады. Халықаралық сабақтар жоспарын жасаған ГПП мұғалімі Анастасия Кротованың айтуынша, “мектептегі серіктестік жаһандық байланыс тұжырымдамасын көрсетеді”. Жалпы қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша серіктес мектеп оқушыларымен кездесу зияткерлердің білім беру тәжірибесін, зерттеу, әлеуметтік және сөйлеу дағдыларын жақсартуға мүмкіндік бере отырып, жергілікті, ұлттық және халықаралық деңгейде белсенді азаматтық ұстаным сезімін нығайтуға көмектеседі.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий